0 дауыс
1.3k көрілді
біздің омір сүріп жүрген қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі жандар да бар, яғни инвалидтер.  Ол кісілердің ой-санасы сау адамдардікімен бірдей, керісінше артық болмаса кем емес. Рухани байлықтары мол жандар.  Және де қазіргі таңда ол кісілердің құқықтары сау адамдардікімен тең. Оларда қалаған оқуларын оқи алады, қалаған жұмысына тұра алады. Яғни оларды мүмкіндігі шектеулі жандар деп айта алмаймыз.Қоғамымызда олардың мүмкіндігі бәрімен тең.  Енді осы кісілердің жеке өміріне келсек. Барлық адамдарда жүрек, ақыл, көрік бар. Бәрі де ғашық болады. Барлығы да отбасын құрып, балалы-шағалы болғылары келеді. Бұлардың арасына мүмкіндігі шектеулі жандар да кіреді. Оларда ғашық болады және оларға да басқалар ғашық болады. Бұны көріп, біліп, естіп жүрміз әрине. Өз отбасыларын құрып бақытты өмір кешіп жатқандары қаншама. Бірақ бұндай қадамға баруға корқып та жатады көпшілігі. Немесе жақындары қарсы болады. Біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек, БАРЛЫҚ АДАМНЫҢ БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ХАҚЫ БАР!!! Барлығы да Алла Тағаланың қолында. Ешқайсымыз Ертеңіміздің қандай боларын білмейміз.  Енді осы айтылғандарға өз ойларыңызды жауаптарыңызды айта кетсеңіздер?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
арине...кім қандай кейіпте жаратылса да пенде болғанымыз үшін бәріміз теңбіз..Алла барлық пендесін бірдей жаратты..тек әртүрлі сынақ  жіберді...қаншама адам бар..соншама тағдыр...бір адам бай..бір адам кедей..бір адам бақытты..енді бірі бақытсыз...ал енді бірі он екі мүшесі сау болса..бірі мүгедек жандар...Мүгедек жандарға қарап жанашырлықпен қараймыз..ал шындығында адам өмірде жүрегінде иманы жоқ..қолына ит ішпес ащы суды алып..тентіреп жүрген..көзі тоймас ....күнәға батып жүрген жандарды аяу керек...ал ұлы ғашықтық  барлық..кеудесінде дүрсілдеп тынымсыз соғып тұрған жүрегі бар жандарға берілді..мүгедек жандар осындай ұлы сезімнен тыс қалмайды...оларда да жүрек бар!!неге көзі көрмейтін жандар қоғамнан тыс болуы керек?!өмірде көзі көрсе де ақ нәрсені көрмей..қараңғыда жүр ғой..талай жандар...неге жүре алмайтын жандар қоғамнан тыс қалады?!қаншама жүре алатын жандар...аяғымен жүріп..шүкіршілікті ұмытып...мешітке бір қадам баспай..клубтарда жүр ғой...міне олар қоғамнан тысқарыда...олар шындығында мүгедек жандар....ал өмірдің сынағына мойынсұнып..әр күннен үміт күтіп жүрген мүгедек жандар..кез келген бақытқа .. махаббатың ең ұлысына..адамдар арасындағы ең биік орынға лайық....оларда отбасы құрып..періштелерін асырап..бағып...тәрбиелеп жатса..неге таңданамыз...?!оларда пенде ғой...арман мен үміттің ұштасуынан жаралған....олар қоғамнан тысқары қалмай...өздерін кем деп білмей жүргені орынды дер едім...мүгедек болса да...баласын қолына алып тәрбиелеп жүрген аналар бар...дені сау аналар да бар...дені сау болса да...өз баласын жетімдер үйіне тастап жүрген...мүгедек жандар бар..еңбектеніп..ата-анасын бағып жүрген..ал сау адамдар бар..өз ата-анасын қарттар үйіне алып барып..қажетсіз еткен....

Бай болсын..мейлі ол кедей...

Барар жері қабір ғой...

Ойланып бір қарасам..

Санамда жатар талай ой...

Мүгедек жандар Алланың

Сынағына көнген ғой...

Талай жандар өмірде..

Жанбай жатып сөнген ғой...

Бірдей екен пенделер...

Бөліп жарма адамды..

Мейіріммен қарап өмірге..

Есепте басар қадамды.....
cizben tolyk kelisem. bul takyrypty 13 adam okypty. solardyn iwinde sizz gana oz oiynyzdy jazypsyz. iagni baskalaary bizbeen kelispeitin bolgan goi. bul   ne  uwin???
ақ  пен қара қатарласқан мына дүниеде адамдар барлық нәрсені бірдей пайымдамайды...егер барлық адам тек жақсылықты жақтап...дұрыс ойлай білсе...онда өмірде жетімдер...қайырымсыз байлар болмас еді...ал мүгедек жандар өздерін бәрімен тең деп білетін еді......
0 дауыс
Мен ІІ-топтағы мүгедектін, яғги аяғым ауырады мен де қатты ойланатынмын. Бір-ақ қазір бары жақсы. Олай дейтін себебім жақсы қызды жолықтырдым, қазір 1-ұлым бар. ОҚО Мақсат
...