Тамақтан кейін қан жүйесіндегі лейкоциттер (ақ түйіршіктер) ас қорыту процесіне шұғыл қатыса бастайды да, адамның басы мен бұлшық еттердегі қанның көлемі азаяды. Бұл процес 1 - 1,5 сағатқа дейін созылады. Адамның әлсірейтіні содан. Сол себепті түскі үзіліске 2 сағат уақыт беріледі.