Атеизм - [а - теріске шығарушы бөлшек, theos - құдай] - жаратылыстан тыс күштерге (құдайға, аруаққа, рухқа, о дүниеге және т.б.) сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару. КСРО дәуірінде Атеистік насихат күшейді. Ұжымдастыру, тәркілеу және т.б. саяси науқандарда дін иелері жаппай қудаланды, қара халық құранды тығып оқып, "біссімілләні" күбірлеп айтатын халге жетті. "Дін - апиын!" деген сияқты жалаң ұрандар қаптады. Атеистік насихатты қарқынды жүргізу туралы арнайы қаулылар қабылданып, жоғары оқу орындарында "Ғылыми атеизм негіздері" курстары оқытылды.