+1 дауыс
15.0k көрілді

Жақында Күзгі бал болатын еді.Соған  топқа таныстыру шығарп бере аласыздарма.Өтініш.Тез арада.

Топтың аты:Күзгі тамшылар

Ханшайым:Гүлмаржан.Ханзада:Берікбол

топқа шығатын адамдар:Мадина,Белес,Сафура,Орынбек,Актілек

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

https://surak.baribar.kz/44286/ мына жазылған құрастырып көріңіз

Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным.
Даламды жұпыны деп қарамағын:
Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб -
киелі жатыр мұнда бабаларым -
әрқайсы алтын діңгек дараларым.
Қансырап Далам талай қылыштардан,
сонда да сүрінбеген Шығыс-тарлан.
Дұшпанын ыққан малдай түріп айдап,
ұлдары Ер Түріктің ұрыс салған,
бар әлем тілсіз қалды ығысқаннан.
Ақ Баян сұлу Жібек - ерен гүлім,
жүргендей сіңлілерін жебеп бүгін,
үйреткен өмірімен, өлімімен
жігітті қалай сүю керектігін.
Ана жұрт - Анадолым құндыз бағы,
қол жетпес еңлік гүлдей шын-құздағы.
Ер Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз -
аспанның жерде жанған жұлдыздары,
Күн болар қатар жанса жұлдыз бәрі.
Қуансам, Күншығыстай нұрлы жүзім,
қуамын арғымақпен жыр қызығын.
Мекенім - Тұран дала, әз Түркістан,
түріктің батыр көңіл бір қызымын!

 

Мейірім, нұрым- ұстазым

Нәр алған сенен ұрпағың,

Әлемнің жарық сәулесі,

Шұғыласындай сәскенің.

————————–
Құшағыңда құлпырып,

Достар менен бірге өскенмін.

10 Ә- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,

Ағы мен көздің қарасы,

Сыныптың жігіт сұлтаны.

Қорғап келген намысын,

Өнерге қарсы аттанған

Мадияры мен боламын.
———————————-

Шыр етіп туысымен адам болдым,

Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.

Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,

Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.
———————————-
Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,

өріске ойдағыдай барысыма.

Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,

Көрсетем үздік өнер намысына.
————————————
Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,

Керемет қызық өнер құрғаныма.

Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.

Шығамын биік өнер шыңдарына!
———————————-
Мақтанам мектебімнің таңын көріп,

Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,

Білім мен тәрбиенің күшін қосып,

Орнаған сыныбыма бағын көріп.
——————————
Қуанам сыныбымның нұрларына,

Достарымның толған ой мен қырларына.

Тәрбиелеп өсірген жемістерін

Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.
————————————
Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам

Ғылыммен елің үшін танысқанға,

Өнердің сара жолын салып берген,

Бас ием Ұлы Абай данышпанға.

рахмет,бірақ  тек бір адамға емес  топтағы барлық адамдар сол таныстыруға кіруі керек еді.Әр адамға жеке жеке 1-2 шумақ арналсаа жақсы болатын еді.

Ұқсас сұрақтар

...