+2 дауыс
3.7k көрілді
Сайттағы қолданушылардың көбісі оқушы және студент екені белгілі соны ескере аш қарынға жеуге болмайтын азық-түліктер тізімі керек? Сабақта жүргенде жеп, асқазанды құртпау мақсатында.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Аш қарынға кез келген тағамды жеуге болады. Тек әуелі 200-300 грамм су не шай ішіп алу керек. Кола не Пепси-ді ешуақытта да ішпеу керек. Олармен тек газ плита, раковина, тоңазытқышты жууға болады.
+2 дауыс

Қарны ашып тұрған адам тамақ талғамай, қолына іліккен кез-келген жеуге жарамды тағамдарды жей береді. Алайда көптеген аурулардың алдын алу үшін аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар бар екен. Себебі оларды аш жесе пайдасынан гөрі зияны көп болады. Олардың саны көп болмағандықтан тез жаттап алуға болады және таңертеңгілік қаншалықты қатты асығып бара жатсаңыз да аталған тағамдарды жемеуге тырысу керек.

Ал енді бұл тағамдардың тізіміне келетін болсақ:
1.Цитрустар
Бұл жемістерді аш қарынға жесеңіз, олар аллергия және асқазан ауруларын тудырады. Сондықтан таңертеңгілік  апельсин шырынын тамақтан кейін ғана ішу керек. 
2.Банан
Бананда магний өте көп. Ол жүрек-тамыр жүйесіне  әсер етеді. Сондықтан да аш қарынға банан жесеңіз, кальций-магнилік тепе-теңдік бұзылады.
3.Піспеген көкөністер
Піспеген көкеністердегі қышқылдар қарынның шырышты қабығын тітіркендіреді. Оның арты асқазанның ойық жарасы немес гастритке әкеп соғады.
4.Йогурт
Бұл тізімде йогурттың жүргеніне таңқалып тұрған шығарсыз. Бірақ таңертеңгілік ағза йогурт бактериаларын қажет етпейді. Сондықтан аш қарынға йогурттың ешқандай да пайдасы жоқ, тіптен, нөлге тең. Оны тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан кейін немесе кешке жеген дұрыс.
5. Салқын сусындар
Салқын сусындар таңертең асқазанның жұмысын жақсартпайды. Оларды жылы сусындармен алмастырған абзал. 
6.Тәттілер
Аш қарынға тәтті тағамдарды да, тәтті азық-түліктерді де жеуге болмайды. Таңертең енді оянған асқазан инсулинді қажетті мөлшерде бөле алмайды. Сондықтан таңертең жеген тәттілер қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады.
7.Кофе
Қаншалықты өкінішті болғанымен, аш қарынға кофе ішуге болмайды. Себебі кофе асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді де, қарын сөлі бөліне бастайды. Оның арты гастритке әкеліп соғады.
8.Долана
Долананың құрамындағы органикалық, майлы және лимон қышқылдарының молдығынан қарын сөлі көп бөлініп, асқазан газ және қышқылмен толып қалады. 
9. Тәтті картоп
Дубильді қышқыл мен пектин қарын сөлінің бөлінуіне әсер етеді.
10. Құрма
Құрма құрамындағы пектин мен дубильді қышқылдың көп мөлшері қарын сөлімен араласқан кезде гель сынды затқа айналады. Оның салдарынан асқазанда тас пайда болады.
11. Қызанақ
Қызанақтың да жағымсыз салдары құрманыкімен бірдей. 
12.Сарымсақ
Сарымсақтың құрамындағы аллицин асқазан мен ішек жолдарын тітіркендіреді.

0 дауыс

Дұрыс тамақтану – денсаулық пен сымбаттылық кепілі. Аш қарынға тамақтанғанда, кейбір ережелерді ұмытпаған жөн.

Цитрустар

Цитрус жемістерін аш қарынға жеу аллергия, гастрит қоздыруы мүмкін. Апельсин шырынын ішпес бұрын, тамақтанып алған дұрыс.

Банан

Бананның құрамында магний элементі көп болады. Ол жүрек-тамыр жүйесін реттейді, алайда аш қарынға желінген банан кальций-магнийбайланысын бұзуы мүмкін.

Піспеген көкөністер

Көкөністердің құрамында болатын табиғи қышқылдар ішек шырышының қабынуының бірден-бір себебі. Бұл асқазандағы ойық жаралар менгастритке әкеле алады.

Йогурт

Таңқаларлық жайт. Йогуртты пайдалы, дәмді, аш кезде қарынды тез тойдыратын ас деп санаймыз. Алайда, әсіресе таңертең асқазанға йогурттың құрамындағы бактериялар аса қажет емес екен. Йогуртты қарын ашқанда жеудің еш пайдасы жоқ. Одан да оны таңғы астан кейін не кешке жеңіз.

Суық сусын

Аш асқазанды тамақ қорытуға дайындау керек. Бірақ суық сусындардан гөрі жылы қарапайым су ішіңіз.

Тәттілер

Аш қарынға тәтті жеуге болмайтындығы бәрімізге белгілі. Неліктен? Бұл қан құрамындағы қанттың өсуіне алып келіп, арты ауруларға апаруы мүмкін.

Кофе

Таңмен алғашқы болып кофе ішесіз бе? Бұл денсаулыққа зиян бола алады. Кофе асқазанды қоздырып, сөлді көптеп шығаруы мүмкін. Уақыт өте гастрит ауруына тап болуыңыз мүмкін. 

0 дауыс
тәтті тағамдар. мысалы, печенье немесе шоколад. сонымен қатар аш қарынға дәрі ішуге болмайды
0 дауыс
Аш қарынға алма жеуге және сағыз шайнауға болмайды
0 дауыс

Кейде ұйықтап қалып, жұмысқа не сабаққа кешікпеу үшін таңғы ас ішпей кетеміз немесе қолымызға іліккен жемісті жолай жеп аламыз. Ал зерттеушілер кейбір жемістер мен тағамдарды ашқарынға жеуге болмайтынын айтады. Олар түрлі аурулар тудырып, күні бойы өзіңізді жайсыз сезінуге себепші болуы мүмкін.

Кофе

Кофеден басталған таңғы ас асқазан мен бауырға, ұйқыбезіне орасан зор зиянын тигізеді.

Цитрустар

Бұл жемістердің адамдарда аллергия тудыратын қасиеті бар. Егер оларды ашқарынға жесеңіз, денеңізге түрлі бөртпелер шығып кетуі мүмкін. Бәрінен бұрын ол бауырыңызға ауыртпалық түсіреді. Ал ашқарынға ішілген апельсин шырыны гастрит тудыруы мүмкін. Сондықтан цитрустан бұрын ботқа жеп алғаныңыз дұрыс.

Банан

Банан – өте баяу қортылатын жеміс. Егер оның тамақтың алдында жесеңіз, ішіңіз кеуіп, өзіңізді өте жайсыз сезінетін боласыз. Сондықтан банан жеген соң су немесе шырын ішуге де болмайды. Дәрігерлер оны түскі тамақ ішкен соң бір сағаттан кейін ғана жеуге кеңес береді.

Шикі көкөністер

Көкөністердің құрамында қышқылдар болғандықтан, оларды ашқарынға жесеңіз, ішек шырышының қабынуына әкелуі мүмкін. Бұл асқазанда ойық жаралар мен гастриттің пайда болуына алып келеді.

Тәтті тағамдар

Таңғы асқа тәтті тағам жеуге мүлдем болмайды. Дәрігерлер оның қандағы қант мөлшері көбейтіп, соның салдарынан инсулин жетіспеушілігі туындап, диабет ауруына шалдығу жиі болатынын айтады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...