Кейде ұйықтап қалып, жұмысқа не сабаққа кешікпеу үшін таңғы ас ішпей кетеміз немесе қолымызға іліккен жемісті жолай жеп аламыз. Ал зерттеушілер кейбір жемістер мен тағамдарды ашқарынға жеуге болмайтынын айтады. Олар түрлі аурулар тудырып, күні бойы өзіңізді жайсыз сезінуге себепші болуы мүмкін.
Кофе
Кофеден басталған таңғы ас асқазан мен бауырға, ұйқыбезіне орасан зор зиянын тигізеді.
Цитрустар
Бұл жемістердің адамдарда аллергия тудыратын қасиеті бар. Егер оларды ашқарынға жесеңіз, денеңізге түрлі бөртпелер шығып кетуі мүмкін. Бәрінен бұрын ол бауырыңызға ауыртпалық түсіреді. Ал ашқарынға ішілген апельсин шырыны гастрит тудыруы мүмкін. Сондықтан цитрустан бұрын ботқа жеп алғаныңыз дұрыс.
Банан
Банан – өте баяу қортылатын жеміс. Егер оның тамақтың алдында жесеңіз, ішіңіз кеуіп, өзіңізді өте жайсыз сезінетін боласыз. Сондықтан банан жеген соң су немесе шырын ішуге де болмайды. Дәрігерлер оны түскі тамақ ішкен соң бір сағаттан кейін ғана жеуге кеңес береді.
Шикі көкөністер
Көкөністердің құрамында қышқылдар болғандықтан, оларды ашқарынға жесеңіз, ішек шырышының қабынуына әкелуі мүмкін. Бұл асқазанда ойық жаралар мен гастриттің пайда болуына алып келеді.
Тәтті тағамдар
Таңғы асқа тәтті тағам жеуге мүлдем болмайды. Дәрігерлер оның қандағы қант мөлшері көбейтіп, соның салдарынан инсулин жетіспеушілігі туындап, диабет ауруына шалдығу жиі болатынын айтады.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.