Жаңа жылға арналған құттықтаулар
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
*
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
*
Жырмен өтсін күнің,
Таусылмасын сырың.
Батқан күнмен кетсін,
Мұңың болса бұрын.
Атқан таңмен атсын,
Ақ арманың гүлің.
Жүзің жарық болып,
Шалқып шықсын нұрың!
Жаңа жылдық тілек,
Осы болсын бүгін!
*
Баяғыда бір жақсы адам өмір сүріпті. Өзі жомарт, қайырымды, әрі асқан ақылды адам екен. Жасы жүзге жеткенде әлгі адам қатты сырқаттанып (ауырып) қалыпты. Ажалды күтіп бүк түсіп үйде жатқанда, бір күні оның есігін біреу тақылдатып қағыпты. «Бұл кім?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен – Махаббатпын, саған көмектесейін деп келдім, есігіңді аш» - депті қонақ. Жақсы адам оған: «Махаббат, сенің маған керегің жоқ, көмектесе алмайсың, рахмет, қайта бер» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, есікті тағы біреу тақылдатыпты. «Кімсің?» деген сұраққа ол: «Мен – Байлықпын! Сендей жақсы адамға көмектесуге келдім. Ауруыңды емдей алам ба?» деп жауап беріпті. Жақсы адам:«Рахмет, Байлық, сен маған керек жоқсың енді» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, тағы біреу ақырын ғана қағыпты. «Кім бұл?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен- Денсаулықпын, парасатты адам!» - депті есіктің сыртындағы қонақ. Жақсы адам сүйретіліп барып, есікті ашып жіберсе, ар жағында үш жігіт тұр дейді. «Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп, Байлық пен Махаббат жымиып күліп, Денсаулықтың екі қолынан ұстап, босағадан кіріп келе жатыпты.
Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағызға дәл осылай Денсаулық, махаббат және байлық үшеуі бірдей қол ұстасып кіріп келсін және ешқашан қайтып шықпасын!
Жаңа жыл құтты болсын!
*
Кейде көңілің калған,
Кейде тәтті балдан –
Дүние бұл жалған,
Қарап көзің талған.
Бақыт нұрын шашсын,
Ататын таң алдан.
Таусылмасын нәсіп,
Толып ақсын арнаң.
Ақталсын пәк үміт,
Жаңа қауыз жарған.
Баянды боп келсін,
Орындалсын арман!
*
Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін,
Алдағы жыл – ақ арман,
Ассалаума-ғалейкум!
Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!
Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті Бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!
*
Бақытсыз шырша
Қиылып түбінен
Жұлыны үзілген
Табиғаттың сұлуы…
Әр қилы безендірілген
Жаны шығып кетсе де,
Айрылмай рең түрінен
Тұрған бақытсыз шырша
Табылады әр үйдің төрінен.
Айнала ән сап ойнайды
Жаңа жылды… жо-жоқ
Өлімін сұлу шыршаның
Мәз болып бәрі тойлайды
Біреудің өлімі біреуге
Қалайша шаттық сыйлайды?
Өткізуге өзгеше
Болмай ма осы мейрамды?
*
Жаңа Жыл көркейіп-көбею, өсіп-өну, мақсат-мұраттарға жету жылы болсын!
*
Аппақ қар,
Аппақ дүние,
Аппақ ғалам,
Қойғандай сұлулығын сақтап маған.
Атайық ақ шампанды ырым жасап,
Щалқысын көңіліміз асқақтаған.
Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің,
Ғаламға ғашық болған жанарымсың.
Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,
Шаттықтың шарайнасы бола білгін!
*
Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?!
Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.
Есік ашық, дастарқаным жаюлы,
Қарсы алуға не керектің бәрі әзір.
О, Жаңа жыл! Сенсің менің асылым,
Қуанғаннан теңіз болып тасыдым.
Бақытыңды туған елге төге бер,
Жаңа туған менің жаңа ғасырым!
Көтерілдім тағы да бір белеске,
Мұның өзі бір ғанибет емес пе?
Мың жылдықпен қатар келдің, Жаңа жыл!
Сондықтан да сенің жолың ерекше.
О, Жаңа жыл! Менің айтар әнім көп,
Қазақстан тұрған жоқ па сәнім боп.
Бар халықпен достығымыз жарасып,
Өтейікші бірге туған бауыр боп.
Жаңажылда бақыт қандай, нұр қандай!
Бар әлемге салтанатын құрғандай.
Әрбір халық сөйлегенмен әр тілде,
Жаңа жылда бір тілек те туғандай.
Қараңыздар, жаңа жылдың ақ таңын,
Тым ерекшегүл жайнайды бақтарым.
Жалғыз тілек: қазақ халқы өсе бер!
Сенің арқаң ел боп менің жатқаным
*
Аман болсын отбасың,
Жамандықтан сақтасын.
Жаңа жылдың түнінде,
Бақыт ашсын қақпасын!
*
Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз!
Жаңа Жыл жарылқасын!
*
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2012 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды.
Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!
*
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
*
Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!
*
Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын,арман-үміттер ақталатын жыл болсын.
*
Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!
Жаңа жыл құтты болсын!
*
Ескі жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік.
Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!
*
Құтты болсын жаңа жыл мерекеңіз,
Арта берсін жақсылық пен берекеңіз
Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұрға
Толы болсын әрдайым керегеңіз!
Арылмасын жаныңыздан жақсылық,
Алдыңыздан шықпасын еш жат қылық
Лүпілінен жүректердің күлімдесін,
Қуаныштан шаттана жүздеріңіз!!!!!
*
Жаңа жыл құтты болсын, достар! 2012 жылы орындалмаған барлық ізгі армандарыңыз 2013 жылы орындалуына тілектеспін! 2013 жыл "әттең-ай" деген сөзден "шіркін -ай" деген уақиғаларға толы болсын! Жаңа жылды жақсы қарсы алыңыздар!
*
Барша халқымды жаңа-жыл мерекелерімен құттықтаймын! Елімізде тек тыныштық, амандық болсын, көк аспанымыз ашық, көк туымыз желбирей берсін. 2013 барша халқыма тек қуаныш сыйласын.
*
Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін,
Алдағы жыл – ақ арман,
Ассалаума-ғалейкум!
Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!
Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті Бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!
*
Жаңа жылда шаңырағыңа
Шаттық енсін тағы да.
Құстай ұшып армаңына,
Бақыт қонсын бағыңа!
*
Шын жүректен Сізді келе жатқан
Жаңа жылыңызбен құттықтаймыз!
Жаңа жыл сізге және сіздің жақындарыңызға зор
денсаулық, бақ-береке, мол дәулет сыйласын!
Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл
армандарыңыз орындалып, өміріңіз сиқырға бөленсін!
Жаңа жыл құтты да ырысты болсын!
*
Санаулы күндерден кейін табалдырығымыздан аттайтын жаңа _____жылмен шын журектен құттықтаймыз!
Үміт пен сенімге толы осы сәтте өткен жылды қортындылаймыз. Алдымыздағы жаңа мақсат-міндеттерді белгілейміз. Өткен жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің жылы болды деп айтуға болады. Олай болса келе жатқан жыл кең байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін деп тілейік. Елімізді өркендету жолындағы еңбегіңізге мол табыс, отбасыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!
Жаңа жыл құтты болсын!