0 дауыс
68.8k көрілді
3-сыныпқа арналған Жаңа жылдық тақпақ керек еді Жаңа жылға айтатын

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
аспан жерге төгеді
 Ақ күмісін уыстап
 Жаңа жылда келеді
 Бізге қарай жылыстап

 Тамаша, тамаша,
 Шыршамыз тұр жараса.
 Басында әсем жұлдызы
 Көз тоймайды қараса.

 Жаңа жылда, балалар,
 Тек қуаныш көріңдер.
 Ауырмаңдар ешқашан,
 Мықты болу өзіңнен.

 Жаңа жылда, балалар,
 Тек жақсылық көріңдер.
 Жылау, ауру, жамандық
 Қастарыңда болмасын

 Қандай әсем шартарап!
 Шаттық күйге бөлеп тұр.
 Кәмпиттерін арқалап,
 Аяз ата келіп тұр.

 Мұз өрнектің бәрі асыл,
 Оюларды аңғарам.
 Қарағайдың жап-жасыл
 Күйіне мен таңқалам.
0 дауыс
. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
 Наверх
0 дауыс
Жылдын əнін  бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайын
0 дауыс
Жана был армысын.

Алыста карлы шын,

Билимыз шаттанып.

Андетып
0 дауыс
Жана был армысын

Алыста карлы шын

Билимыз шаттанып

Андетып куанып.
0 дауыс

Жана жылым мол болсын.

Баскан кадам он болсын!

Торле Торле жана жыл.

Бизге кутты жыл болсын!!!

...