+1 дауыс

Күз туралы жеңіл жатталатын тақпақтар, өлеңдер қажет? 1-2 шумақ жеңіл жатталатын болса да болады.

06.10.2013 40.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
*   *   *
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
*   *   *
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
 
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
 
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде
06.10.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы