+1 дауыс
14.4k көрілді
директорге арнап өлең шығарып берсеңіз?

өтініш: тезірек

1 жауап

+2 дауыс
Директорға өлең шығар дегенде есіме бір оқиға түсіп кеткені, кезінде мектеп оқып жүріп 9 сыныпта-ау деймін мен директорға өлең шығарып, содан бүкіл мектепке таралып, мен екенін біліп қалып, Мектептен шығарып жібере жаздағаны бар. Ол мына өлең еді:

Директор (Абайша)

Қара киімді, денелі қара сақалды

Қатал, жауыз, аямас тірі жанды

Үсті-басы тап-таза, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Дем алысы – айқай мен тәртіптілік
Қас жауымыз, директор келіп , әлек салды.
Басындағы қалпағын оқшырайтып

Есі кеткен өштерін бізден алды,

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда

Мектептің екі қабат, үй шайқалды

Сабақты дұрыс бермеген мұғалімдер

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымас қайран ақын

Титығы құруына аз-ақ қалды

Құр жібер мына антұрған директор шалды.
Керемет жазыпсың 1+
Өй жай балалық қой...бір-екі сөзін өзгерткенім болмаса Абайдың "Қыс" өлеңі ғой (ұйқастары да сол өлеңдікі) Балалық шағым есіме түсіп кетіп... жауап ретінде жаза салғам,  кезіндегі қойын дәптерлерімде сақтаулы екен, СЖ-та да бір қуған жауап болсын деп...
...