Күз туралы тақпақтар, өлеңдер қажет?

+1 дауыс
40.2k қаралым

Күз туралы жеңіл жатталатын тақпақтар, өлеңдер қажет? 1-2 шумақ жеңіл жатталатын болса да болады.

• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
*   *   *
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
*   *   *
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
 
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
 
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде
127,727 сұрақ
322,284 жауап
153,149 пікір
72,738 қолданушы