+1 дауыс
2.8k көрілді
Осы өзбектер жүзімді қақтап, кептіріп мейіз жасауды құпия сақтайды дейді, осы қаншама шындыққа жанасады? араларыңда мейізді қақтау жолын білетіндерің бар ма? Өрік туралы осындай сұрақ қойып едім, қанағаттанарлық жауап ала алмадым,сонан соң өзгертіп қайта қойып отырмын.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мейіз - жүзім жемісінен алынған, күнге кептірілген, тәтті ұсақ жеміс. Жер бетінде жүзімнен мейіз алумен айналысатын аймақтар көп емес. Себебі жүзім піскен соң оны кептіру үшін бірнеше апта жаңбырсыз, ыстық ауа райы қажет.  Ондай аудандарға Испания мен Грекиядағы Жерорта теңізі маңайындағы аймақтар, Кіші Азия шығанағы, Оңтүстік Австралияның бір бөлігі жатады. Сан Хоакин мен Сакраменто тауының жазық алқабы - мейіз өндіруге қолайлы аймақтар. Бұл аймақтардың ауа райы тамыз айынан қараша айына дейін құрғақ, жауын-шашынсыз, ал, жақын маңдағы тауларда жүзімді суару үшін пайдаланылатын су көздері бар. Жүзімді жинап алған соң, бірнеше аптаға ағаш тақтайшаларға салып қояды. Одан соң жәшіктерге салып, тағы кептіреді. Тек содан кейін ғана жүзім жемістері арнайы зауытқа жіберіледі. Жүзім зауытта дүкендерде сатуға дайындалады. Арнайы машиналар оның бұтақтары мен қоқыстарынан тазартылады. Одан соң жүзім кептіріледі, арнайы ерітіндімен жуылып, тағы да кептіріп, дайын өнім пакеттерге салынады. Мейізге айналу кезінде жүзім өзінің бастапқы салмағының шамамен ¾ бөлігін жоғалтады. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Мейіз жасау үшін құрамында кемінде 20% қанты бар, қабығы жұқа, сүйегі аз немесе сүйексіз жүзім сорттары пайдаланылады. Оның құрамында 87,5%-ке жуық қант болады. Жүзім сортына, оны өңдеу жолдарына, кептіру тәсіліне қарай мейіз екіге бөлінеді. Біреуін жүзімнің сүйексіз сортынан, ал екіншісін дәні бар жүзім сорттарынан дайындайды.
Қанағаттанбадым,бұны елдің бәрі инеттен оқи алады емес пе, (арнайы ерітіндімен жуылып), міне осы ерітіндінің не екенін айтқаныңда тамаша болар еді. (Испания мен Грекиядағы Жерорта теңізі маңайындағы аймақтар, Кіші Азия шығанағы, Оңтүстік Австралияның бір бөлігі) бұл әшейін укипедияның далбасасы ғой, оларға сене беруге болмайды. Маған кәдігімгі өзбектердің (Намангандық, Ферганалық), тәжіктердің қалай кептіретін ққұпиясын білсем де жарайды
NaOH-күйдіргіш сода, натрий гидрооксиді 30-40г 10 литр суға салып жүзімді қайнатамыз, қайнаған соң жүзімді қағазға орап күннің астына 3-4 күнге қоямыз, 3-4 күннен кейін қағазды келесі жағына аударып тағы бірнеше күн кептіреміз
Мәә,мынаны арнайы кәсіп қылған адам болмаса, мен сияқтыларға оңай шаруа емес екен деп ойлап отырмын, үлкен рахмет  Баука Қосай. Өрікті де осы жолмен дайындар ма екен?
0 дауыс
Жазда күнге кептіріп қойсаңыз  (ең кемінде екі күн)  күз,қыс айларында жей аласыз.
Қатырасың, сен жүзімді жақыннан көрмеген боларсың))) Жүзімді екі күн күн астына жайып қойсаң шырын болып ағып кетеді. Мен бірнеше жолдармен байқап көріп түк шығара алмағаннан соң сұрап отырмын.
...