0 дауыс
3.0k көрілді
Неге қазір Хиджаб киген қыздарды мектепке ЖОО ға кіргізбей жатыр А?Алдын ПАвлодарда кішкентай қызды 1-сынып оқушысын Хиджаб киіп келгенін үшін Ата-анасын шықыртып үстіндегін шешсін әйтпесе мектепке кіргізбейміз депті БҮНЫСЫ ҚАЛАЙ?Одан да тырыстырып қысқа киіп келетін қыздарды кіргізбей қоймайма дұрыс нарсе ки әйтпесе кіргізбейміз деп ?БҰЛ ТУРАЛЫ СӘЗДЕР НЕ ДЕЙСІЗДЕР!Хиджабпен сабаққа барса не болады екен қайта басқаларына үлгі өнеге болмайма?
Менің жауабыма Ж.Ж  басшы адамдар көрсін не істеп жүргендерін олар Ислам дінін оқып білмейінше әрқашан қате пікірде, ойда болады ! ((((
Басылмай жатыр шынымды айтсам.
Бірінші ж.ж. Аласың м.вирустан. Одан соң барып маған басасың ж.ж
ЫХЫХЫХЫХ) солай боп кеткен ба не? Бұл өзгеріс маған ұнаған жоқ.

12 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір күні Әли деген жігіт әйелі екеуі бір жерге бармақ болып үйінен шығады. Әлидің жары Ислам дінінің бұйрығы бойынша жамылғы жамылып, орамалын таққан әйел еді. Үйінен шығып қоғамдық автобус көлігіне отырады. Оларға қарама-қарсы отырған бір кісі, Әлиге қарап: - Сенен бір нәрсе сұрасам бола ма? Ренжімейтін шығарсың?!- дейді - Иә. Сұрай қойыңыз, – дейді Әли күлімдеп. - Осы сендер дінді ұстадым деп, әйелдеріңді орап жүргенге құмарсыңдар. Осылай бұйырылған деп ешкімге құлақ аспайсыңдар. Қарап отырсам әйеліңді орандырып киіндіріп алыпсың. Әйелің бұдан кейін қалай еркін өмір сүреді. Заман күн өткен сайын дамып, өркениетке қол жетіп жатқанда, сен болсаң әйеліңе еркін өмір сүргізбейсің,-депті төбеден су құйғандай қылып. Содан кейін тағы да: - Міне, менің әйеліме қарашы. Жабық киінбейді және еркін өмір сүреді. Өмірден ләззат алады, – депті қасында отырған әйелін меңзеп! - Ал, сен.. – деп дөрекілеу сөйлеп, – әлде бұған берер басқалай жауабың бар ма? Сол кезде автобустың ішіндегі қалың жұрт енді не болар екен дегендей Әлидің аузына қарап қалады. Сонда Әли бірден жанына қараса, терезеден үсті матамен жабылған автокөлікке көзі түседі. - Анау үсті жабылған көлікті көрдіңіз бе? – деп Әли әлгі кісінің назарын аудартады. - Иә, көрдім. Онда тұрған не бар? – деп сұрайды таңғала. - Неге ол көлікті жауып қойған деп ойлайсыз? - Енді, ол көліктің иесі көлігіне аса ұқыптылықпен, күтіп қарайтыны көрініп тұр. Көлігінің бүлінбеуін, кірлемеуін қалағандықтан солай істейді. - Ал енді сол жердегі автобусты көріп тұрсыз ба? - Иә, көріп тұрмын. - Неліктен ол жабылмаған? - Себебі, ол қоғамдық көлік. Оны жалғыз адам емес, дүйім жұрт пайдаланады. Сонымен не айтқың келіп отыр? – дейді әлгі кісі шыдамсызданып. Екеуара әңгімені автобус ішіндегілердің бәрі тыңдап тұр еді. Сонда жас Әли: - Білсеңіз, менің әйелім маған өте қымбат. Мен оған қамқор болам, әрі жақсы көрем. Сырттағы сұқ көздердің менің әйеліме қадалғанын қаламаймын. Мен өзімнің сүйікті жарымды жаңағы беті жабылған көлікке қарағандай қараймын. Сондықтан да ол хижаб киеді. Ал сіздің әйеліңіз әлгіндегі әркім кез-келген сәтте қарай алатын қоғамдық көлікке көбірек ұқсайды. Сіздің онда жұмысыңыз жоқ, – депті шегелегендей қылып..! Енді жұрт назары әлгі екеуіне ауды. Сонда әлгі кісі не дерін білмей қобалжып қалады. Ал әйелі болса, қызарып орнынан қозғала алмай қалған екен. Сөйтіп екеуі жақын аялдамадан ертерек түсіп қалған көрінеді… Ал автобус жүрісін әрі қарай жалғастыра берді. БҰЛ ЖАҒДАЙДА ОСЫҒАН ҰҚСАС. Мен Хиджаб кигендері дұрыс деп ойлаймын. Адамдардың санасы, түсінігі төмен болғасын қайтесің!
–2 дауыс
кіргізбегені үшін кейін Алланың алдында жауап береді
әрине жауап береді!
+1 дауыс
Хиджапқа өз басым қарсымын,себебі  ҚҰДАЙ ЖАРАТҚАН денемізді неге жасыруымыз қажет.Хиджап киетін қызды өз басым мұсылман емес деп санаймын.
олай дей көрмеңіз....бұл парыз...қайта орындай алмағаныңыз үшін өкініңіз..Алла дене бітімді көрсетсін деп берген жоқ...денемізді..тіпті шашымызды көрсеткеніміз күнә...Алла оны сақтау үшін...берді..
СОны айтам да!
Ақбота, "ҚҰДАЙ ЖАРАТҚАН денемізді неге жасыруымыз қажет." осы сөзің қате, сонда киімің ашық-шашық болса, денеңді бәрі көрсе дегің келе ме?
+4 дауыс
Себебі, мұсылман қыздарға хиджаб киіп жүру міндет емес. Пайғамбар айтқан: Қай елде тұрсаң, сол елдің киімін ки, - деп. Оның үстіне, хиджаб киген қыз таза мұсылман деп айта алмаймын. Сондықтан, Малайзиялық үлгідегі хиджаб кигенше, сыпайы өркениетті киім киген әлдеқайда дұрыс және жарасымды.
Өте дұрыс айтасың. Бір хиджаб киген қыздан: Неге хиджаб киесің? - деп сұрағанда: Жігіттер тиіспес үшін, - деп жауап берген.
хиджаб ешқашан күнә болмайды.....ол қыздың иманын мәңгіге сақтайды....
ҚАй елде тұрсан сол елдің киімін ки депті,бірақ киіп жүрген жоқпыз ғой ұлттық киім ғой Айтып тұрғаны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ,тек наурызда ғана кигіміз келсе киеміз келмесе кимейміз,мысалға ТҮРІКтерді қарнызшы олар ұлттық киімін үйіндеде киіп жүреді!70 пайызы!
Елден ерек киіну күнә болса онда хиджаб кию неге күнә болмасқа (менікі тек қана логика ғой) жұрттың қалай киінетінінде еш шаруам жоқ
Олар европаша киінеді, біз сияқты. Себебі, олар да сауатты, өркениетті халық қой.
Алла ешқашан күнә істі пендесіне міндеттемейді.....ия әркім өзі үшін жауап береді...бірақ мұсылмандар бір-біріне бауыр...
Әрине бауыр. Мысалы, Иран мен Ирак қанша жылдан бері соғысып келе жатыр. Себебі, бірі суннит, екіншісі - шииттер.
0 дауыс
діни ағымнан қорқады...сол үшін қарсылық танытады...ия киген дұрыс...ол қыз бала үшін парыз..
Парыздың үлкені - иман. Көптеген Африканың мұсылман елдерінде (Ислам Африкада шыққан ғой) адамдар жартылай жалаңаш жүреді. Бірақ, біз сияқты өтірік мұсылман емес, бес уақыт намаздарын қалдырмай оқиды.
кім шынайы мұсылман...кім жалған Аллаға ғана аян....
Сөйтіп құтыласың ғой енді...
мұсылманның белгісі-Сабырға жендіргендігінде....сізге айтарым біз сияқты өтірік мұсылман дей көрмеңіз....біреудің шынайы мұсылмандығына күмәнмен қарау...күмән-күнә....күнә-тозаққа апарар жол...Алла ИншАллах жүрегіңізге Иман бергей сөнбейтұғын.......
Бес уақыт намаз оқымайтын, Ораза ұстамайтын, Зекет бермейтін адам мұсылман ба сонда? Сонда мұсылман болу үшін тек хиджаб кисе болды ма?
мен олар мұсылман деп айтқан жоқпын...хиджаб тек бір ауызбен айтқанда қыздың иманының жамылғысы....
Бұны орыс тілінде маскарад деп атайды. Біреудің киімін киіп, соның ролін ойнау.
0 дауыс
Хиджаб - кию де, кимеу деген де міндетті емес. Барлық мұсылмандар өздерін имандымын деп санаса бес парызын орындауы керек, ал әйелдер Құдай алдында таза болғысы келсе Хиджаб кигені жөн шығар. Егер әрине өзін нағыз мұсылман әйелімін деп санаса.

Әркім  өзі білсін не киерін, тек қазақ қызы дегенде ойымызға қандай қыздар түсетінін ұмытпайық. Ашық - шашық па, батыстыкіндей ма, хиджабтағы ма, әлде ұлттық киімдегі ме?
+1 дауыс
мен оз басым хиджабка карсымын.ол парыз ба парыз емеспа билмеймин.егер шынымен хиджаб парыз болса неге бурыннан казактар кимеген:ата бабаларымыз? хиджабты казактын кыздары орта жолдан сонгы кездери кие бастадыгой Ен бастысы журегинде иман болып.ашык шашык киинбесек болды емеспа.
дұрыс айтасыз!!!
дұрыс..............................
бұрыннан қазақтар киген ғо
0 дауыс
мен өзімнің сұрағыма жауабым:Хиджаб кию парыз емес деп ойлаймын бірақ Қыз баланын  етек женің жинап бірде  бір жері ашық жүрмеу керек деп бір жерден оқыдым!!!
0 дауыс
Осы маселе бiтпейтiн дауга айналды. Муны Казакстаннын ен жогаргы дiни басшылыгынан сурагандарыныз жон болар. Солар бiледi гой
0 дауыс
Әрбір мұсылманға Аллаһтың әмірін орындау парыз.

Исламның 5 парызы:

1 Иман келтіру;

2 Намаз оқу;

3 Ораза ұстау;

4 Зекет беру;

5 Қажыға бару (ауқатты болса).

Енді қараңыздар Иманның 6 парызы бар.

1 Аллаһқа иман келтіру;

2 Оның періштелеріне иман келтіру;

3 Оның пайғамбарларына иман келтіру;

4 Оның кітаптарына иман келтіру;

5 Тағдырға иман келтіру;

6 ақырет күніне иман келтіру.

Хиджаб жайында айтып жатқан дауларыңыз әуретті жабу ол құранда жазылған. Егер құранда жазылғанға қарсы тұру ол күнә. Хиджаб болса әуретті жасыратын киім түрі. Қазақтың әуретті жабатын киімдеріде бар. Бірақ біздің қазақ хиджабты айыптаған болса неге қазақтың әурет жабатын ұзын жеңді, ұзын етекті киімдерін, кимесектерін неге кимейді. Атам қазақ бұрыннан мұсыл халық. Олар хиджаб кимей өздерінің ұлттық әуреттерін жабатын киімдерін киген. Өзбектер өздерінің паражелерін киген міне ә"р ұлттың өз ерекшеліктері бар. Оны тұтынуға Аллаһ қарсы емес. Бірақ Аллаһтың әміріне қарсы нәрсе болмаса ол харам емес.
0 дауыс
Хиджаб дегеніміз термин сөз.Арабшадан аударғанда орану,ұят жерді жабу деген мағынаны береді.Яғни кез-келген қыздың шашын,мойнын,қолын,аяғын жасыратын,жабысып-тырыспайтын киімнің бәрі хиджаб деп аталады.Сондықтан хиджаб арабтардікі деу дұрыс емес.Хиджаб- бұл бүкіл мұсылман әйелдерге арналған киім.Хиджаб-бұл қыздардың ар-намысының қорғанышы. Өзім қыздардың хиджаб кигенін қолдаймын.
+1 дауыс
Хиджаб деген бір түсті (цвет) болады(қара, қоңыр), ол киімді(бір түсті) салафиттер, уахаббистер киеді, кейбір қазақ қыздары ислам дінінде солай киіну керек деп ойлап, солай киінеді. Иә дұрыс, қыздар әуретті жерлерін жауып жүрсін, бірақ хиджаб емес, қазақы ою-өрнектермен әшекейленген, түрлі-түсті киім кисін. Хиджаб арабтардың киімі, қазақтардың емес..

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
9 жауап
+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...