0 дауыс
282 көрілді
Сайтқа кіретін қанша қолданушы бар? 25.584 цифрын сұрап тұрғаным жоқ. Себебі олардың біразы бастапқыда тіркеліп кіріп кейіннен ұмытып, немесе тастап кеткендер. Сайтта әйтеуір аптасына 1 рет болса да мүмкіндігінше кіретін қолданушылар саны?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі қолданушылардың қатысу деңгейін алған баллдары анықтайды десек сол жоғарыдағы қолданушылар деген бөлімге кіріп байқасам көрсеткіштері 1000 баллдан асатын қолданушылар саны 272 адамдай екен. Сонда пайыздық көрсеткішпен алсақ 10% - ға жуық болып тұр. Бұл жаман емес деуге де болар еді, егер осы 272 қолданушының өзінің де 70%-ға жуығы соңы жылда сайтқа ат ізін салмағаны болмаса. Ал енді 5000 баллдан жоғары көрсеткіші бар қолданушылар саны 58 - дей ғана адам екен, бұл барлық тіркелген қолданушылардың 3%-на да жетпейді.Міне сайтымыздағы жанкештілер саны осы шамада ғана.

:D Қатырдыңыз, сайтымыздың жанкештілері
0 дауыс
Оны кім санап отырады дейсің. Білу мүмкін емес шығар жобалап айтпаса сайт мүшелері.
Маған сол жобасы керек еді. 26 000 адамның жартысы деп па болмаса.
Сол  жартысына да жетпейдау. Қолданушы көп болғанмен қолданатындар аз. Өзің айтпақшы жай тіркеліп кеткендер өте көп. Қолданушылар дегенді басып қарасаң 50 балл алғандар жетерлік. 0баллды тіркеле салысымен береді.
Белгісіз
Соларды өшіріп тастауға болмай ма екен?
+1 дауыс

Статистиканы бір апта қарап өзің зерттеп көрмесең. http://zero.kz/catalog/38978_www.szh.kz-surak-jane-jauap-saiti

0 дауыс
Зеро есептеуішіндегі мәліметті тек тіркелген деп ойлап қалмаңыздар. Онда сайтқа кіріп отырғандар ішінен тіркелмеген қолданушыларды да көрсетеді. Соны ескерейік.
0 дауыс
Мен өзім сайтта күнде отырамын. Керек нәрсемді оқып отырамын. Алайда жауап жазуға құлшыныс жоқ, сайтта дәм тұзы жоқ, мағынасы жоқ сұрақтар етек жайды. Балл жыйнау бәйгеге ұласты, кейбір адамдар ашықтан ашық дәлел бола алады, бірақ кім екенін айтып қайтемін, оны өздеріңде білесіңдерғой =)
...