0 дауыс
5.1k көрілді
Бұл өмірде арақ ішетін әке қымбатпа әлде қасындағы анаң қымбатпа,Егер екеуі бір үйде тұрса

14 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
исламда мынадай пайғамбарымыздың ұлағатты сөзі бірде бір кісі пайғамбарға келіп бірінші кімді силайын дейді ал пайғамбар болса анаңды дейді екінші ше десе тағыда анаңды ал үшінші ше десе таңыда анаңды деген екен содан соң кімді силайын десе асқартау әкеңді сила деген екен. бұл өмірде екі ардақты да асқар алы адамның жүгі ауыр екен қазақта мынадай сөз бар анаңды меккеге 3 рет арқалап апарсаңдарда ақ сүтінен құтыла алмайсың деген екен. мейлі әке шешеміз алқаш болмақ түгелі нашақор болсада оларды бірдей алақанға салғандай аялап өту керек жұрт не десе о десін бәрібір олар біздің ата анамыз біз ертенгі күнімізде солар үшін жауап береміз
"Әке-шешең жынды болса, байлап бақ" деген мақалда бар.
+3 дауыс
Арақ ішетін болғанда маскүнем бе? Бірақ мен әкемді де анамды да қатты сыйлаймын.Иә, әкемнің арақ ішетін кездері болады бірақ ол кезде ешкімге зияны жоқ, кішкене ішеді де қояды.Екеуі де сондай жарасымды.Қанша дегенмен әкем арақ ішті екен мен жақсы көрмеймін демейсің ғой.Туған әкеңді және анаңды сыйлап, жақсы көру керек емес пе?! Біз оларға қарыздармыз және ол қарызды не істесеңде өтей алмайсың. Сондықтан әкеміз де шешеміз де қандай болсын оларды құрметтеп жақсы көруіміз керек қандай жағдайда болсын.
0 дауыс
Әкем қатты ішеді, сонысы үшін жек көремін. Кезінде болған бір жағдайға байланысты қатты жақтырмаймын, сөзіне жауап қайтарамын, айтқандарын істемеймін. Ал анамның айтқаны - заң, өйткені ол соған лайық. Бірде анам әкеммен әңгімелесіп отырғанында "БАЛАМДЫ САҒАН ҚАРСЫ ТӘРБИЕЛЕЙМІН" деген болатын. Бұл ашумен айтқаны еді. Анам бұны қаламады, бірақ мен солай тәрбиелендім. Қазір қандай екенімді айтайын ба: әкем аузын ашса "білген боғыңды істе", "тыныш жат" деймін, ал егер қайта қайта сөйлей берсе телевизоры мен жарығын бәрін өшіріп тастаймын, тұрса далаға итеріп жіберемін, егерде маған бірдеңе дейтіндей болса ұрғым келеді (бірнеше рет мені ұрмақшы болғанында қорғанғанмын, бірақ оны ұрған емеспін, жай ғана итеріп құлатып жібергем). Әрине, мұның бәрі мас кезінде. Ал сау кезінде одан іскер, одан жақсы аспаз, одан жақсы монтер, электрик, одан жақсы мал дәрігері жоқ. Ал ішсе өзі мал болады. "ТҮСКЕ ДЕЙІН ИМАМ, ТҮСТЕН КЕЙІН ИВАН" дегендей ғой. Ішкен кезде қадірі кетеді. Ал анамды қалай сыйлайтынымды көрсеңіздер... Әкеме ақиятын арыстанмын, ана алдында құлмын ғой)) Осыным дұрыс па деймін кейде. Менің істеп жүргеніп дұрыс па?
Дұрыс емес. "Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді" деген сөз бар. Әкеңді емдету керек, бар амалы тек сол.
Барлық жолын байқап көрдік: саңыраулық, орталық, мола, дуа, код, су, бәрі.
Оның барлығы да бос әурешілік. Қызылордада "Қызыл ай" қоғамына қарайтын наркологиялық диспансер бар (ескі облыстық аурухана). Сонда емдету керек. Емдеу курсы 40 күн.
Оның да көмектеспейтінін 101 пайыз сенімдімін.
Алдан ала пессимистік көңіл-күйге түспе. Талай адам емделіп шығып жатыр.
–4 дауыс
арине арак ишетин 100 типти 1000 немесе 1000000  акеден арак ишпейтин бир ана артык
–2 дауыс
Не деген біржақтылық десеңші...
0 дауыс

Құдайым-ай, не деген ынжық,қыз секілді ұрпақ өсіп келеді, келешектен қорқамын.

"Жаман әке жыртық қос,

Ықтығы жоқ паналар.

Жаман деп жақсы бақпасаң,

Жаман ат саған жамалар"-
деп жырлап кеткен бабаларым әулие екен ғой, соны ұқпайтын ұрпақ не болып бара жатыр.

Оңбай минустап жіберіптіғо)))
Өздері әке болмайтындар шығар. Өз әкесін жамандаған  ұл ертең жақсы  әкеде, біреуге жақсы жарда болуы екіталай.
дұрыс Жако келісем сенімен
+3 дауыс
Әке асқар тау!екеуі де қасында ғой неге екеуін бөліп айтып отырсыз(арақ ішетін әке қымбатпа,әлде қасындағы ана қымбатпа)деп екеуі де қасында!екеуі де ҚЫМБАТ оның ішуінің бір себебі бар шығар? Сұраққа жауабым.Екеуі де қымбат екеуін бөлменіз!
Жарайсың, жақсы жауап.
0 дауыс

Бұл өмірде ең алдымен ата-ананы сыйлау керек екені бәріне белгілі шығар.

Ата-анасын сыйлауға жомарттығы жетпеген адамды мен қайратты деп, басқа адамдарды қуанта алады деп есептей алмаймын. Арақ ішсе, өз шаруасы. Бірақ, ол - ӘКЕ! Егер арақ ішкен соншалықты жақпай жатса, трусить етіп жақтырмай характер білдіру ол жігерсіздіктің салдары екенін ұмытпау керек. Кез-келген адаммен әңгімелесіп сырласуға болады. Кез-келген оқиғаның өзінің себебі бар. Әй, бірақ кішкентайлар түсінбейді-ау. Түсінбей өтпесе игі.

0 дауыс

"Жаман әке жыртық қос, 

Ықтығы жоқ паналар. 

Жаман деп жақсы бақпасаң, 

Жаман ат саған жамалар"-деп жырлап кеткен бабаларымыз айтқан екен...

Jakoдан көшірмеш))))))))
0 дауыс

Екеуіде қымбат.Бірақта әкеңнің ішетін қиын екен.Өз басым анаңмен бірге тұрсаң.

0 дауыс

әрине  арақ  ішетін  әкеден  ана  қымбатырақ  бірақ  әкем  арақ  ішті  деп  оны  жеп  көріп  кете  алмайсыңғо

0 дауыс

Сұрақ дұрыс емес. Әкесі маскүнем, жарымжан мүгедек немесе жынды болса, оны далаға лақтырып тастау керек пе? Қазір екінің бірі арақ ішеді. Біреу тойынғандықтан, біреу күйінгендіктен. Ал арақсыз тұра алмайтын адамды наркологиялық диспансерге апарып емдету керек. "Жақсы-жаман" деп айта салу оңай. Өзің не қарсы әрекет жасадың, сол маңызды.

0 дауыс
Отнем акыл айтыныздаршы.Менің әке шешем ажыраскан.казіргі танда әкеммен тұрамын.Әкем ылғи да ішіп келіп бетіме шешемді жамандайды.Не істеуге болады
0 дауыс
Әке шешен жынды болса байлап бақ деген. Брак оған көбісінін шамасы келмейт себебі әкен алкаш болса және ішіп алып қуып кететін болса өз өзін ұстай алмайтын жагдайға жетсе ол өте қиын туыстармен жакындармен ара катынас бұзылат жане сол таяктын ұшы саганда тиет. Сондыктан ананыз жанынызда болса сол кісіге аса мән берініз, әкенізді бір Аллаға тапсырынз болд
...