Әкем қатты ішеді, сонысы үшін жек көремін. Кезінде болған бір жағдайға байланысты қатты жақтырмаймын, сөзіне жауап қайтарамын, айтқандарын істемеймін. Ал анамның айтқаны - заң, өйткені ол соған лайық. Бірде анам әкеммен әңгімелесіп отырғанында "БАЛАМДЫ САҒАН ҚАРСЫ ТӘРБИЕЛЕЙМІН" деген болатын. Бұл ашумен айтқаны еді. Анам бұны қаламады, бірақ мен солай тәрбиелендім. Қазір қандай екенімді айтайын ба: әкем аузын ашса "білген боғыңды істе", "тыныш жат" деймін, ал егер қайта қайта сөйлей берсе телевизоры мен жарығын бәрін өшіріп тастаймын, тұрса далаға итеріп жіберемін, егерде маған бірдеңе дейтіндей болса ұрғым келеді (бірнеше рет мені ұрмақшы болғанында қорғанғанмын, бірақ оны ұрған емеспін, жай ғана итеріп құлатып жібергем). Әрине, мұның бәрі мас кезінде. Ал сау кезінде одан іскер, одан жақсы аспаз, одан жақсы монтер, электрик, одан жақсы мал дәрігері жоқ. Ал ішсе өзі мал болады. "ТҮСКЕ ДЕЙІН ИМАМ, ТҮСТЕН КЕЙІН ИВАН" дегендей ғой. Ішкен кезде қадірі кетеді. Ал анамды қалай сыйлайтынымды көрсеңіздер... Әкеме ақиятын арыстанмын, ана алдында құлмын ғой)) Осыным дұрыс па деймін кейде. Менің істеп жүргеніп дұрыс па?