+1 дауыс
343 көрілді
мен бір жағдайға тап болдым,менің үйімде бір апам тұрып жатқан еді отбасылық жағдайына байланысты.екеуміз аздап сөзге келісіп қалдық,сол себеп болып басқа жерден үй жалдап тұрып жатыр.Басқаларға айтқызсаң,ол өзі өмір сүріп үйренуі керек дейді,ал мен болсам соған неше апта болды миымды жеп,қиналып жүрмін іштей,көрген сайын жаман болам.Содан айтайын дегенім мен біреумен ренжісіп қалсам өзімді кінәлі сезініп көп уақыт бойы жаман күйге түсем,ол кім болса да,көп ешкіммен ұрыспаймын,ал ұрсысып қалсам қатты кетіп қалуым мүмкін,тіпті ұрсыспасам да қателік жасап қойсам немесе біреу ауыр сөз айтса неше күндер ұйықтай алмаймын,сол адаммен келесі кездескен уақытта оның маған жыны келіп тұрғандай көрінеді де тұрады.Және көп ешкіммен сыр бөлісіп жатпаймын,бәрін ішімде сақтаймын,Өзім ҰБТ дайындық үстіндемін.Маған осындай мінездерім кедергі келтіруде,айтыңыздаршы қалай өз өзімді стрестен аулақ ұстауыма болады.Сізде ондай бола ма

3 жауап

0 дауыс
Ең бастысы стрестен құтыламын деп арақ ішіп, темекі насыбай шегіп жүрмесең болды... Сенде подроскобый кезең, бұндай уақытта солай болып тұрады, негізі... Шешең мен әкең бар болса соларменен бөліскенің жөн болар еді... Білмеймін, тағысын қалғандары жазар
0 дауыс
Інім сен қатты қобалжыма,Сабыр түбі сары алтын деген бар қазақта.Бұның бәрі уақытша ең бастысы ИМАНЫҢДЫ ЖОҒАЛТПА күніге жатар алдында КӘЛИМАҢДЫ айтып Алланың алдында істеген қателіктерін үшін шын жүрекпен кешірім сұра
0 дауыс
Сіздің мінезіңіз маған жақсы таныс деп айтуыма болады. Менде адамдармен көп ұрыса бермейм, ал ұрысып қалған жағдайда менен маза кетеді. Барлығына өзім кінәлідей сезінем. Басқалардың менен көңілі қалып қойғанын қаламайм. Ол адаммен татуласқанша асығам. Бірақ мұны ол адамға білдіртпейм. Не себептен білмеймін, достасу ушін алғашқы болып қадам жасағым келмейді. Сабыр сақтаймын, кутемін. Ол адамда өз кінәсін тусініп, мен сияқты куй кешсе деймін. Сізге кеңесім: Бар кінәні өзіңізден іздемеңіз, ол адамныңда кінәсі бар шығар. Тек өзіңізді кінәләй берсеңіз, ол әдетке айналып басқа жағдайларда кінәңіз болмасада, босқа қиналып журесіз!

Ұқсас сұрақтар

...