+2 дауыс
2.2k көрілді
Аңыз Адам журналындағы Мұхаммед Хайдар Дулати жайлы мәліметті қалай жүктесем болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Источник: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B5%D0%B4_%D0%A5%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%80_%D0%94%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%B8

Мұхаммед Хайдар Дулати

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 

Мұхаммед Хайдар Дулати,
Дүниеге келгені: 1499
Ташкент
Қайтыс болғаны: 1551
Үндістан, Кашмируалаяты
Мансабы: Әйгілі тарихшы,әдебиетші

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші,Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегіежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Мазмұны

  [жасыру]

1 Өмірбаяны
2 Тарихи Рашиди
3 Мұхаммед Хайдар Дулати Фильм
4 Cілтемелер
5 Пайдаланған әдебиет

Өмірбаяны[өңдеу]

Мұхаммед Хайдардың ата – бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркстанжерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері –Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын МоғолстанныңЖүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдіңнемересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі. [1]

Тарихи Рашиди[өңдеу]

"Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақтаболған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынанқауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.[2][3][4]

Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне атыТараз мемлекеттік университетіне берілген.

Мұхаммед Хайдар Дулати Фильм[өңдеу]

2007 — «Мұхаммед Хайдар Дулати»режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс:“Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

Cілтемелер[өңдеу]

Ұлы Моғолдар
Тарихи Рашиди
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

Jump up↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
Jump up↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Jump up↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Jump up↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Ұқсас сұрақтар

...