0 дауыс
3.9k көрілді
1.Трог -

2.Морена -

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

                        Трог, трогтық аңғар (нем. Trog - сөзбе-сөз: астау) - мұздықтың, экзарацияның әрекетінен өңделген, кеңейтілген, түзетілген таулық эрозиялық аңғар. Кейбір ірі Трогтың ұзындығы жүздеген км-ге жетеді. Трогтың көлденең кимасы тік беткейлі, кең жайпақ түпті астау не U-тәрізді болады. Екі жақ беткейлерінің үстіңгі тұсында Трогтың иығы деп аталатын шығыңқы беткейлердің иіні байқалады. Олар бұрынғы мұз басу кезеңіндегі мұздықтық аңғардағы деңгейін көрсетеді. Кейбір Трогтың бірнеше Трогтық иықтары сақталады, солардың ең жоғарғысы - ең ежелгісі болып саналады. Бастау бөлігінде трог цирктермен шектеліп, төменгі бөлігінде шеткі моренамен бітеді. Одан төмен қарай трогтық аңғар эрозиялық аңғарға ауысады. Трог құрлықтың барлық таулы-мұздықтық аймақтарында кеңінен таралған.

Трог туралы википедияда

 

                      Морена (французша moraіne), мореналық шөгінділер – тікелей глетчер мұзынан және әр түрлі пішінді тау жыныстарынан жиналған шөгінділер. Морена беткейлерден мұздық аңғарына келіп түсетін әр түрлі пішінді материалдардан және мұздық астындағы тау жыныстарының сыдырылып қирауынан пайда болады. Осыған байланысты Мореналар беткейлік, ішкі және түптік түрлерге бөлінеді. Беткейлік Морена қырат беткейлерінен келген материалдардан тұрады. Алғашында ол мұздық бүйір бойымен биікт. 20 – 30 м қырқалар түрінде орналасады. Ол бүйірлік Морена деп аталады. Көрші екі аңғардың мұздықтары біріккенде, олардың көрші бүйірлік Мореналарынан орталық Морена жаралады. Ішкі Морена мұздықтардың жарықшақтары ішіне жиналған пішіні әр түрлі материалдардан пайда болады. Ол өзгеріске түспей бастапқы күйін сақтайды. Түптік Морена мұздық астындағы тау жыныстарының механикалық қирауынан пайда болған материалдардан жаралады. Бұл материалдар уатылып, сызғыланып, жылтырланып, әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мореналар, негізінен, антропоген мұз басуы кезеңінде орын алған аймақтарға тән. Морена құрамына дөңбектастан сазға дейінгі әр түрлі материал кіреді; түзілімдері бедердің әр түрлі геоморфологиялықэлементтерін құрайды. Геоморфологияда Морена үш түрге ажыратылады: көшпелі Морена, шөгінді Морена және Мореналық төбелер, жалдар, белестер.

Морена туралы википедияда

Көп-көп рахмет!
0 дауыс

ол астау  деген  мағына  береді  және  тау  басындағы  мұздықтан  пайда  болады. Мұздықтардың  әрекетінен  пайда  болатын  қазаншұңқырлар. Сол жерлерге  су  жинақталса  ондай  суды  мореналық  көлдер  деп  атайды.

...