+2 дауыс
2.6k көрілді
Өнерім бар ақындық деген биік бір шың,

Шығады сөздің бәрі жүректен шын,

Қайда енді сол өнерді пайдаланам,

Қайдан ғана Алла маған бере салған?

Көп адамға бұйырмаған бақыт бұл,

Он жасымда бастағам өтті міне тоғыз жыл,

Күннен күнге артып бара жатқандай,

Сөздерім жеңіл ағашқа шеге қаққандай!!!

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы"

Деп жырлаған Абайдың көзқарасы.

Өнерің өрге жүзсін ақын досым

Сезімнің түсіне біл жан-жарасын.

 

Жүректен шыққан жырды шумақтатып,

Параққа сияменен шимақтатып

Көркем сөз бен асыл ойды біріктіріп

Ұшан-теңіз ақылды қос жұрнақтатып.

 

Екі адамның бірінде жоқ бұл өнер

Әрі қарай дамытпасаң күл боп сөнер.

Сондықтан ақын досым қадірлей біл

Алланың бергеніне жүрек көнер.

 

Атың шығып алысқа ел мақтайды

Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды)

Көпшілік жүрегіне үңіле біл

Осылай ақынымыз сөз саптайды.

 

Шабытым оянып тұр қазір досым

Құр жібермей осында әкеп қостым.

Меніңде жүрегімнен суырылған

Ал сендер сол өнерді тыңдап тосқын!!

 

Осы сөздерден жауабымды түсінерсің деп ойлаймын)). Мен көп өлең шығармаймын) анда-санда шабытым оянып кетеді.

Мына айтқандарым жай ішімнен шыққан сөздер ғой. Қатты тасып бара жатқан ештеңем жоқ.

Ал сен досым осы өнеріңді дамытып, халықтың жүрегінен орын таба біл!!
Жауабың - керемет!
0 дауыс
Мүмкін болса маған махаббат туралы мұңлы өлең шығарып бере аласың ба?
Бір шумақ өлең)))) қалғанына уақыт жоқ:

Сен екенсің жүректегі орындалмас бір арман
Сезімдерім шығып жатыр жүрек деген сыңардан
Алма жүзің, шие ернің, көркем сенің көздерің
Елестеді осы бейнең ғашық болған қиялдан.

Тағы керек болса сұрай отыр.
0 дауыс
акындык онериниз болса тагыда коптеген онериниз болса университетте немесе коледжде окысаныз турли сайыстарга катысып белсене араласып онеринизди шындап онеринизди корсетсениз боладыгой кайда пайдаланам деген сурак болама онериниз бар екенин устаздарынызга далелдеп турли сайыстарга корсетуге боладыгой
+3 дауыс
Сөдің шыңына келер болсақ өлеңдеріңіздің сөздері ұсақтау екен. Мүмкін қате айтқан да болармын... Өлеңдеріңізді айтабер блогтұғырына жариялап көріңіз. Бәлкім барар жолыңыз бен алар асуыңыз биік шығар. Деседе сізге кітапты көп оқып, белді ақындардан аз-кем дәріс алғаныңыз болар еді. Сізге бір мүшайраның шартын берейін, қатысып көріңіз. Бүгін соңғы күн. Толығырақ мына жерден оқыңыз: http://zhasorken.kz/?p=5335
Бауырым!!! Егерде дәл осындай мүшайра іспеттес жағдаяттар болатын уақытты білсеңіз маған хабарлап қоя аласыңба??? Алла қаласа менде өз талантымды паш етсем деп едім!!!((((
+1 дауыс
Ақынды Жаратты Алла шындық үшін,

Бойына дарытқандай өлең күшін...

Шындықты жазу үшін жасқанса егер,

Ол ақын жылусыз бейне мүсін...

Алла сізге осындай өнерді берген тек қайырымды іске жұмсаңыз...шындықты жырлаңыз...менде өлең жазамын...мектепте өлеңдерімді оқып қайырымдылық шығармашылық кеш өткіздім....түскен қаражатты түгелдей мұқтаж жандарға бердім...сізде сондай істер атқарыңыз....қайырымдылыққа мұқтаж жандардың жүзіндегі бақытты күлкіну көру сізге шабыт сыйлайды...Алла біреуді кем етіп жаратса...енді бірді артық етті...мейірімділікті жаратты...осы мейірімділік...екеуін ұштастырып бірдей тең етеді....әдеби кітаптар көбірек оқыңыз....Иншаллах шабытыңыз шындала бергей!
Жарайсың! Игі ісің мені бір қуанышқа бөлеп жіберді. Сұрақ иесіне жақсы ой тастадың! (y)
сұрақ иесіне...және өнері  иелері оқыса айналаларыңыздағы адамдарды жұмылдырып мұндай іс жасаңыздар...сіздер ол адамдардың жүзіндегі қуанышты көрсеңіздер ғой...меніңше ешбір адам дәл олай шынайы күле алмас...бір үзім нанға мұқтақ жандар бар...пендеміз ғой бәріміз...көмек қолын созайық....
0 дауыс
Өте керемет екен сіз бұндай өнермен ақын бола аласыз және сіз мына өнермен жоғарыда танымал боласыз.

Ұқсас сұрақтар

...