0 дауыс
7.5k көрілді
аналық тақша туралы реферат тауып беріңіздерш

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина XVII ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай, оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм Шиккард жасап шығарды. 1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез паскаль кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады. 1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған «Лейбництің тісті дөңгелегі» деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу және түбір табу амалдарын орындайтын еді. XIX ғасырда ағылшын математигі Ч.Бэббидж «Аналитикалық машина» деп аталатын программаланатын автоматты есептеу құрылғысының нұсқасын жасады. Программалар кодталып перфокарталарға түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж тоқыма станоктарындағы амалдарды бақылауға алғаш пайдаланған француз өнертапқышы Ж.Жаккардтан алды. Бэббидждің ойынша бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын топтарын бірте-бірте енгізгенде автоматты түрде әр түрлі есептеулер орындауы тиіс еді. Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың келу ретін өзгертіп, есептеу ретін өзгертуге болатын еді (басқаруды шартты түрде беру идеясы!). Жобаның меценаты (қамқоршысы) – белгілі ақын Джорж Байронның қызы графиня Ада Лавлейс (Ada Lovelace) осы «аналитикалық машинаның» программисті болды. Ондық жүйенің орнына екілік жүйені қолдану қажеттілігіне Бэббидждің көзін жеткізген сол Ада Лавлейс болды. Ол осы күнге дейін көкейтесті болып келетін программалаудың негізгі принциптерін жасады. Оның құрметіне 1979 жылы жасап шығарған алгоритмдік тіл Ada – деп аталды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Герман Холлерит перфокарталарды сұрыптауға және санауға арналған бірінші электромеханикалық машинаны жасап шығарды. Табулятор деп аталатын бұл машина реледен, санағыштан және сұрыптаушы жәшіктен тұрды. Бұл машина 1890 жылы Америкада тұрғындардың санағын өңдеуге қолданылды. Холлерит 1896 жылы әйгілі IBM фирмасының негізі болатын фирманы ашты. Екінші дүниежүзілік соғыс есептеу құрылғыларын және оларды өндіру технологиясын жетілдіруге дем берді. 1944 жылы Говард Айкен IBM-нің бір топ зерттеушілері релелік логикалық элементтерге негізделген электрлік есептеуіш машинасын жасады. 1943 жылдан 1946 жылға дейін Пенсильвания қаласындағы (АҚШ) университетте ENIAK деп аталатын түгелімен бірінші электронды – цифрлық ЭЕМ құрастырылды. Машина 30 тонна тартты, 200 кв.м. жерді алып жатты, 18 мың лампадан тұрды. Оның жұмыс істеуінде ондық жүйе қолданылды. Программадағы командалар қолмен енгізілді; программаны енгізгеннен кейін орындалу тәртібі тек бүкіл программа орындалып болғаннан кейін ғана өзгертуге болатын еді. Әрбір жаңа программа ажыратқыштарды және алынып-салынатын коммуникацияларды орнату арқылы жүзеге асатын жаңа сигналдар комбинациясын қажет етті. Нәтижесінде ең қарапайым программаны құрып, орындау үшін өте көп уақыт қажет болды. ENIAK машинасында программалаудағы қиындықтар осы жобаның бұрынғы консультанты Джон фон Нейманның (1903-1957) ЭЕМ архитектурасын жасаудың жаңа принциптерін жасауына түрткі болды. Ол программаны, басқару командаларының тізбегін ЭЕМ-нің жадысында сақтауды ұсынды. Өз баяндамасында фон Нейман компьютердің бес базалық элементін атап көрсетті: арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), есте сақтау құрылғысы (ЕСҚ), ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары. ЭЕМ-нің осы құрлысын фон Нейман архитектурасы деп атау келісілген. Бұл принциптер жаңа EDVAC ЭЕМ-де жасалды. Мұнда екілік арифметика қолданылды, негізгі жады 102444 — разрядты сөзді сақтай алатын болды. Бұл ЭЕМ 1951 жылы пайдалануға берілді. ЭЕМ-нің буындары түсінігі есептеуіш машиналарының даму тарихымен тығыз байланысты, яғни қолданылатын элементтік базасы бойынша анықталады. ЭЕМ-нің бірінші буынында элементтік база ретінде электрондық лампа мен реле қолданылды. 1948 жылы транзисторлар мен магниттік жүрекшелерге сақтау құрылғыларының ойлап табылуы есептеуіш техникасына үлкен әсерін тигізді. Катодты қыздыру үшін үлкен қуатты қажет ететін және сенімсіздеу болып келетін вакуумдық лампалар кішкене кремнилік транзистормен алмастырылды. Олар екінші буын машиналарының элементтік базасы ретінде қолданылды. Компьютерлердің миниатюрасын және сенімділігін көтерудің революциялық кезеңі 1958 жылы болды. Американдық инженер Д.Килби бірінші интегралдық схеманы ойлап тапты. 60-шы жылдардың ортасынан бастап элементтік базасы интеграциясы кіші және орта дәрежедегі интегралдық схемалар болатын үшінші буын машиналары шыға бастады. Тағы бір технологиялық революция микропроцессорларды жасауға алып келді. 1971 жылы американдық инженер М.Хофф бір кремнилік кристаллда –микропроцессорда – компьютердің негізгі элементтерін біріктірді. ЭЕМ-нің төртінші буынында интеграция дәрежесі жоғарғы интегралдық схемалар – үлкен интегралдық схемалар (ҮИС) құрыла бастады. Үлкен интегралдық схеманың кристалында он мыңға дейін элементтер қамтылады. Қазіргі кездегі кең қолдау тапқан дербес компьютерлер төртінші буынға жатады. Қазіргі уақытта ЭЕМ-нің бесінші буынын дайындау мәселесі қаралуда. Оның ерекшелігі дыбысты енгізіп және шығаруға қатысты өз бетінше оқып үйрену қабілеті болмақ.

Компьютер (ағылшын computer —«есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.  Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Компьютер атауы (имя компьютера; computer name) — есептеу желісінде компьютерді (есептеу машинасын) шатастырмай табуға мүмкіндік бе-ретін, үзындығы 15 латын символынан аспайтын бірегей (өте сирек кездесетін) атау. Ол басқа есептеу машинасының немесе есептеу машиналары бірлестігінің атауларымен дөл келмеуі керек және оның құрамында бос орын болмауы тиісті.

Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылш. to compute, ағылш. computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің лат. computo — «есептеймін» сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.

Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цирлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілдді.

Шыққан компьютерлер буынға бөлінеді. Қазір компьютерлердің алты буыны белгілі деп айтуға болады. Жалпы, компьютерді буынға бөлу шарты, ол негізінен компьютер-лердің элеменнтер базасының өзгеруіне, өзінің құрамына кіретін құрылғылардың түрлері мен қасиеттерінің өзгеруі-не және компьютерлер арқылы шығарылатын есептердің жаңа (сандық емес) топтарының пайда болуына тәуелді.

Компьютердің бірінші буыны – 1959 жылға шейін шыға-рылған электронды дампалық машиналар, жылдамдықта-ры ондаған мың а/с., разрядтылығы 31 – 34 бит, жедел жа-дыларының көлемі 1 – 4 кб, амалдардың жұмыс ырғағы қатал тізбекті, яғни, келесі орындалатын амал ағымдағы амалдың орындалуы толық біткеннен соң ғана басталады, енгізу/шығару амалдары орындалып тұрғанда орталық процессор тоқтап тұрады. Программа негізінен машиналық тілде қолмен жазылып орындалады. Жұмыс істеу режімі ашық болды, яғни, әрбір программалаушы басқару тетігінде өзі отырып программасын енгізіп жұмыс істетті. Негізінен сандық шамалармен байланысты есептер шыға-рылады, символдық шамаларды пайдалану жоқ болды. Стандартты программалар жасала бастады.

Компьютердің екінші буыны – 1968 жылға шейін шыға-рылған транзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың а/с., разрядтылығы 31 – 48 бит, жедел жа-дыларының көлемі - 8 – 128 кб. Процессордың жұмысын үзу және оны өңдеу жүйесі пайда болды (ол негізінен енгізу/шығару амалдарын орындау кезінде іске қосыла-ды). Алгоритмдік тілдерден машиналық тілге автоматты аударатын программалар – трансляторлар шықты, яғни, программа құру үшін деңгейлері жоғары программалау тілдері (Fortran. Algol. Cobol және басқалар) қолданылды, стандартты программалардың қоры үлкейді. Жабық жұ-мыс істеу режімі қолданылды, яғни, программалаушы ті-келей машинамен жұмыс істемейтін болды, ол өзінің жо-ғары деңгейдегі программалау тілінде жазылған програм-масын ары қарай машинадан өткізетін қызмет көрсететін топқа тапсырды. Программалардың жұмыс істеуін бақы-лау және басқару үшін алғашқы мониторлық жүйелер пайда болды. Олардың өзінің тапсырмаларды басқару тіл-дері болған. Индексті арифметиканың шығуы, тікелей емес адрестеуді және динамикалық жадыны қолдану, сим-волдық шамалармен жұмыс істеу мүмкіншілігінің пайда болуы осы буынның құрылымдық ерекшклігін айқында-ды.

Аналық тақша

Аналық тақта (ағылшынша motherboard) сонымен бiрге mainboard атау ағылшынша қолданылады - бас тақта; с енг. ана, ана, негiз ) - бұл (ОЗУ орталық процессор, контроллер және ОЗУ, жүктеушi ТСҚ, енгiзу-шығарудың негiздi интерфейстерiнiң контроллерлерi шындығында) дербес компьютердiң негiзгi компоненттерiн бекiтiлген күрделi көп қабатты баспа тақта. Әдеттегiдей, аналық тақта қосуы үшiн USB, PCI және PCI-Expressтiң шиналарын әдетте қолданылатын қосымша контроллерлердiң қосуы үшiн (слоттар ) тiркеуiштер болады. 

Аналық тақтаға қойылған негiзгi компоненттер:

Орталық процессор (chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны

Бейнекарта (Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді өңдеп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Саундбластер (дыбыстық карта) (саундбластер (звуковая карта); sound blaster) - дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы (тақша); creative labs фирмасы 1989 жылы шығарған, кейіннен компьютерлердің дыбыстық тақшаларының стандартына айналған. Көптеген мультимедиалық программалар компьютерде осындай дыбыс тақшаларының болуын талап етеді.

Желілік карта (ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы (NIC) деп те аталады.Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты –Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады.

Міне. Аналық тақташа және компьютер туралы реферат  http://files.mail.ru/D9B9811F7D85462E97CB5C3EB5136819

түсініксізғой
+1 дауыс
Аналық тақша компьютердің ең маңызды бөлігі болып табылады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады. Intel 440LX AGPset микросхемалар жиынтығы жасаушыларға қымбат емес РС мен қазіргі заманғы талаптарға сай, мультимедиямен жұмыс істейтін өнім жасауға мүмкіндік береді. Микросхемалар жиынтығы жоғары жылдамдықты SDRAM жадты қолдау есебінен AGP мүмкіндіктерін кеңейтеді Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылармен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы. Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:
жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge),ол процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді. Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады. Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Негізінен микросхемалар компьютердің жұмыс істеу үшін өте маңызды болып табылады. Микросхемалардың құрамына мыналар кіреді:
• Тактілік жиілік генераторы
• Шиналар контролері
• Жүйелік таймер
• Деңгейлер үзілуінің контроллері
• Жадқа тіке рұқсат алу контроллері
• CMOS жад және сағат.
Өндірушілер: Intel, AMD, Ali (Acre Laboratories, Inc.), VIA Technologies и SiS (Silicon integrated Systems).
Жүйелік логиканың көпшілік микросхемалар жиынтығы екі блоктан тұратын екідеңгейлі архитектурадан: North Bridge және South Bridge, солтүстік және оңтүстік көпірлерден тұрады.
0 дауыс
Аналық тақша компьютердің ең маңызды бөлігі болып табылады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады. Intel 440LX AGPset микросхемалар жиынтығы жасаушыларға қымбат емес РС мен қазіргі заманғы талаптарға сай, мультимедиямен жұмыс істейтін өнім жасауға мүмкіндік береді. Микросхемалар жиынтығы жоғары жылдамдықты SDRAM жадты қолдау есебінен AGP мүмкіндіктерін кеңейтеді Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылармен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы. Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады: жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge),ол процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді. Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады. Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Негізінен микросхемалар компьютердің жұмыс істеу үшін өте маңызды болып табылады. Микросхемалардың құрамына мыналар кіреді: • Тактілік жиілік генераторы • Шиналар контролері • Жүйелік таймер • Деңгейлер үзілуінің контроллері  Жадқа тіке рұқсат алу контроллері • CMOS жад және сағат. Өндірушілер: Intel, AMD, Ali , VIA Technologies и SiS (Silicon integrated Systems). Жүйелік логиканың көпшілік микросхемалар жиынтығы екі блоктан тұратын екідеңгейлі архитектурадан: North Bridge және South Bridge, солтүстік және оңтүстік көпірлерден тұрады.
0 дауыс
аналық тақшаға қандай құрылғылар жалғанады
...