0 дауыс
13.0k көрілді
Менің бүйрегім,өтім,аяқтарым қақсап ауырады. Ұмытшақтығым,геморойым  бар. зобтың алғашқы сатысымен ауырамын және  сол жақ мойнымда киста бар.  Осыларға балықтың майының көмегі бар ма?   Қандай ем дом жасауыма болады?
ауруларды білмедім бірақ мидің жұмыс істеу қабілетін арттырады!

1 жауап

+1 дауыс
Грек ғалымдары күніне 10 гр ба­лық майын ішу адамдардың ара­сын­да жиі кездесетін кенеттен жү­рек тоқтауы оқиғасын 41 па­­йыз­ға қысқартатындығын алға тартады. Цин­цинати универ­ситетінің ға­лым­да­ры күніне 2 гр балық майын қа­былдау қан қысымын қалпына кел­тіретінін дәлелдеген. Олар­­дың пікірінше түрлі дә­рі­лер­мен емделгеннен гөрі ба­лық майының шипасы молырақ екен және біз өз ағ­замызды химиялық улан­дырудан сақтай аламыз. Бүгінде отандық маман­да­­­­ры­мыз­дың деректеріне сү­й­енсек, балық майы кеу­де обы­­рын тоқтатуға не бол­ма­са кішірейтуге көп әсерін ти­гі­зеді екен. Қытай ғалымдарының пікі­рінше, обырмен ауы­ра­тын адам­дардың ағзасында оме­га 3 амин қышқылы өте аз бай­қал­­ған. Әсіресе балық майын жүк­ті әйелдер көп ішкені жөн. EPA және DHA комбинациясын 650мг не болмаса 1000мг мөл­шер шамасында ішуі керек, ба­лық майын ішуді жүктілік жә­не сәбиді емізу кезінде де жал­ғастыруға болады. Бұдан адам иммунитетіне зиян жоқ. Балық майы қандағы Е кон­цент­рациясын төмендетеді, сон­дық­тан Е дәрумендерін қатар қол­дануы қажет. Мамандардың ай­туынша, жұмасына кем дегенде 140 граммдық екі порция ба­лық жеу керек, әсіресе көктем ке­зінде ағзаның орнына келуіне кө­мектеседі екен. Балық құрамында ми­не­рал­дар, протеиндер және көп түрлі дәрумендер, омега 3, омега 6, омега 9 амин қашқылдары бар­шылық. Сүйегімен жейтін сар­дин, лосось балықтарында фос­фор және фтор көп мөлшерде кез­деседі. Кальций сүйекті қа­тай­тады, фосфор ағзаға керек функ­цияларды күшейтеді, ал фтор тісті бекітеді. Балық ма­йын­дағы А дәрумені ағзаны та­­зар­тады, зиянды вирустарды жоя­ды, сонымен қатар адам те­рі­сінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балы­ғының майымен емдеуге бола­ды. Нәтижесі өте оңды. Жалпы балық майы – адам ағ­засына қажеттілігі жағынан бі­рінші орында тұрған азық. Ал балықтың: патша балығы, сар­ди­ны, скумбрия, семга, лосось, ала­бұға, сазан сияқты түрлерін жиі жеу қажет. Бұлардың тіске, сүйектің қатаюына пайдасы зор. Балық етінде темір көп. Ол ісік ауруларының алдын алуға септеседі.
...