+1 дауыс
5.6k көрілді

Фантазия - сөзінің қазақшасы қандай?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Фантазия сөзін қазақша Қиял сөзі нақты ашып беретін сияқты. Фантазия сөзін естігенде қазақша ойға бірденен Қиял сөзі келді. Нақты аудармасы Қиял болады. Ал қиял сөзіне келетін болсақ интернеттен Қиял сөзі туралы тапқан ақпаратты төменнен оқи аласыз.

 

ҚИЯЛ,   ФАНТАЗМ

Субъекттің мынау немесе анау (бейсаналы) тілегінің  бұрмаланған түрде болса да орындалатын  елес сценарийі.

Қиялдар әртүрлі болуы мүмкін:  саналы қиял-дар немесе өңдегі түс  және бейсаналы  қиялдар.

Қиял сөзі “елес” дегенді білдіреді: философия-лық тұрғыдағы  елестету қабілеті емес, бұл елесте-тілген дүниенің  мазмұны.

Фантазм сөзін психоанализ пайдалануға қайта енгізді, сондықтан оның таза психоанализдік мағынасы көбірек  – бұл тіпті қиял әлемі емес және де елестету әрекеті емес, бірақ ерекше елестету өнімі.

“Қиял” (фантазия) термині психоанализде кеңірек қолданылады. Сонымен қатар, өкінішке орай,  психикадағы оның  белгілі орны немесе оның топикасы анық болмай тұр: қиялдау санаға, дейсанаға немесе бейсанаға қатысты ма, жоқ па түсініксіз.

Субъекттің сергек кезінде өзі ойлап шығарып, айтып берген романдарын, өңінде көрген түстерін, көріністерін, эпизодтарын Фрейд “қиялдар” деп атаған. Демек, психоанализ емдеуі үрдісінде көрген түстер, симптомдар, мінез-құлықтағы жабысқақ қайталанулар секілді бейсананың көрінулері астарында жатқан қиялдарды анықтау қажет. Зерт-теу тереңдетілген сайын, бір қарағанда, елестетуге тіпті қатысы жоқ және тек шындық талабына ғана бағынатын түрлі іс-әрекеттерге негіз болған бейсаналық фантазмның “бұтақшалары” анығырақ  көріне бастайды. Жалпы қарағанда, субъект өмірі фантазмдар арқылы қозғалысын бастайтын бір үлгі сияқты көрінеді.

Қиял тілекпен өте тығыз байланысқан. Бұл қатынастың мәнісі неде? Баршаға мәлім, Фрейд  қанағаттану тәжірибесін тілектің бұлағы және оның тума бейнесі  деп санаған. Бұл  алғашқы қиялдардың өзінің елестетілген объектін іздестірудегі ішкі қуаттың өсуі мен бәсеңдеуінің  алғашқы тәжірибе-сімен байланысын білдіреді ме?  Алғашқы қиялдар-дың фантазмдық объекттерге бағытталғаны   қажет-тіліктің нақты объекттерге қарай ұмтылғанына  ұқсас деуге  бола ма? 

Тіпті өзінің жетілмеген түрлерінде де қиялдау  тілек субъектінің  ешқандай саналы әрекетіне жатпайды. Қиялдар – бұл сценарийлер, оқиғалар, ой желісіндегі сахна көріністері. Субъект үнемі осы сахналарға қатысып жүреді; тіпті “алғашқы сахнада” да, ол жерде оның өзі жоқ болғанымен, негізінде ол тек бақылаушы рөлін ойнап қоймай, қатысушы болады,  мысалы, ата-анасының жыныстық қаты-насын бөліп жібереді.

Субъект мақсаты объектті көру емес, бірақ өзі қатысатын сахна болады, айтпақшы, онда рөлдер ауысуы мүмкін. Тілекті білдіру амалы болған қиял, сонымен қатар қорғану орны да болады, ол өзіне қарату, өз қарама-қарсылығына айналдыру, мойындамау, проекция сияқты қарапайым қорғану әрекеттерін қамтамасыз етеді. Қорғанудың барлық бұл түрлері, ең басынан, тіпті тілектің пайда болу амалында да  сақталып қиялдаудың  және тілектің бірінші міндеті болған тыйыммен тығыз байланысты. 

Осы жауап ұнады, админ болғаннан екен деп қалмаңдар. "Адам фантазиясы ұшқыр ғой тегі"-деген сөзді, "Адам қиялы ұшқыр ғой тегі"-деп айтсам дәл келетін сияқты.
0 дауыс
Қиял,ғажайып деген мағына береді.
+2 дауыс
Фантазия қысқа да нұсқа ұшқыр ой мен жүйрік қиял.
0 дауыс
маган менин фантазиям ой толгау жазып бересиздар ма?
0 дауыс
Киял гажайым Арман
...