+1 дауыс
4.6k көрілді
Қазақстанның әр жерінде бір сөз әртүрлі болып айтылады .Мысалы :біздің Оңтүстік Қазақстанда яғни Қызылордада шалбарды шалбар деп атай береді ал басқа дерлерде  шалбарды сым деп атайды,сондай сөздер сіздің мекеніңізде айтыла ма? Мысалы қандай?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болып келеді. Сондай-ақ жалпылама қолданыла бермейтін, тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлсмінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді.

Мына жерден диалект сөздерді, және олардың қай аймақта қолданылатындығы жазылған. Оқып шығыңыз: https://surak.baribar.kz/94457/
+2 дауыс
Ол әр жердегі диалек сөздер. Ондай ауытқуларды көбіне батыс сөздерінен кездестіреміз. Мысалы: нән, көпшік, дәм болсын, т.б...деген секілді сөздер.
Батыстан демедің. Бірақ сөзің "батыстансың" дегенді нұсқағандай:
"Сіздерде ауытқу болса бізде қалыпты жағдай"-деген сөзің.

Сұрақ тек сым деген сөз туралы емес. Осы секілді диалект сөздер және оларды не үшін қолданатыны туралы!
Мен Қызылордаданмын! Біз жақта ешқандай ауытқу жоқ деп сеніммен айта аламын!
жә жә, қойыңдар. осылай жалғаса берсе жазықсыз сұрақ жасырылынып кетеді.
Ауытқу деуге келмейді диалект сөздерді.
Еркебұланның да айтқаны дұрыс. батысқа оңтүстіктің сөзі таңсық болып естілсе де, ауытқу деп жатқан жоқ қой. Сондықтан оны ауытқу деп емес диалект сөз деп қабылдауымыз керек.
Ақжол да дұрыс айтып отыр. Бір сөзді қазбалап, дамытып әкетудің қажеті жоқ. Соңы жақсы емес.
жә жә жарар:D жазықсыз СҰРАҚ
Ақжол мен біліп тұрмын ғой сенің оңтүстіктен екеніңді.Сол үшін де солай жазып отырмын ғой."Сіздерде ауытқу болса бізде қалыпты жағдай". Оңтүстікте сен жазған сөздер ауытқу болып есептелсе бізде,батыс жақта ондай сөздер қалыпты жағдай.Сендер жақтағы диалект сөздер біздер жақта ауытқу болып есептеле ме деп жазайыншы.Дұрыс түсінбеген сияқтысың.Елеке дұрыс айтады,ауытқу деп басқа жағдайда айтылады.Бізде Қазақстанда бір жүйеге,тәртіпке негізделген қазақ тілі жоқ.Егер сондай болып жалғыз бір аймақ сондай сөздермен сөйлеп жүрсе қалыпты жағдайдан ауытқу деп сондайды айтуға болады.Бірақ бізде әр облыста өзіне тән диалект сөздер бар.
Ааа) қайдан білейін. Кешір сөзіңді қате түсінгенім үшін. Босқа дауласпайық! Кешір ДОС! :)
Осы жазғандарым осы сұрақтағы соңғы жауабым болсын.Қайтып оралмай-ақ қояйын мына жерге.---)))
Оқасы жоқ.
...