0 дауыс
27.8k көрілді
Қай ел қандй робот қандай мақсатта шығаруда?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Роботтар жайлы ең басты білетінім, оны құрастырып, жұмыс жасатып үйретсеңіз, яғни бағдарламасын компьютерде жазсаңыз өз пайдаңызға жаратуыңызға болады, толығырақ SMARTROBO сайтынан оқи аласыздар

 

–1 дауыс
Роботтар (Роботы; robot) - адамның еңбегін автоматтандыруға арналған электрмеханикалық құрылғы. Р. аталымы чех жазушысы Карел Чапектіңшығармасынан 1920 жылдары тараған. Р. жасала бастағаннан бері олардың бірнеше буындары ауысты: басқарудың қатты схемасы бар роботтар — іс жүзінде қазіргі заманғы өнеркәсіптік роботтардың бәрі бірінші буынға жататын программаланатын манипуляторлар; сезіммен байланысты құрылғылары бар бейімделген роботтар; мұндай Р-дың үлгілері бар, бірақ өнеркәсіпте әлі де пайдаланылмайды. Өзін-өзі ұйымдастыратын немесе интеллектілік роботтар; бұл роботтық техниканың дамуының түпкі мақсаты. Интеллектілік Р-ды дайындаудағы негізгі проблема — машиналық көру проблемасы.

Робот( чех.robot, robota— еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) — антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы. [1]

Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканыңдамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі ( суастында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтыққұрылғылар мен механизмдертүрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдерөнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы(ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды. [2]

http://kk.m.wikipedia.org/w/index.php?search=%D0%A0%D0%BE%D0%B1%D0%BE%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80 &fulltext=%D0%86%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%83

Ұқсас сұрақтар

...