–1 дауыс
14.1k көрілді
Қазіргі кезде кезінде ата- бабаларымыз қиялдаған дүниелер, тіпті адамның басына кіріп шықпайтын техникалар шығып жатыр. Тіпті мөлдір телефондар, қимылмен басқару арқылы жасалатын бағдарламалар, үй күзететін ит кейіпіндегі роботтар (басқа да түрлері) шығып жатыр. Күн өткен сайын жаңа заттар ашылуда. Бір күндері, біз болмасақ та біздің балаларымыз сол Қытайдың техникаларына байланып қалатын күн туып жүрмейме? Және бұлардың адам психологиясына әсері бар ма? Бұл заманның өзгергені ме, адамның өзгергені ме?

5 жауап

0 дауыс
Заман өзгермейді, адам өзгереді. Заманды өзгертетін адам, сондықтан әрбір адам заманды өзгерткісі келсе, заман сөзін керісінше оқып, сол туралы ойланғаны дұрыс.
Азамат Сат-қа неге минус қоясыздар??? Дұрыс, ащыда болса шындық! Заманды өзгертетін адам екені рас қой! Адамның кінәсі емес заман дегендеріңіз бе сонда?! Осылай заманды кінәлай салу дұрыс емес! Шындықты мойындай білуде өнер ғой!
–1 дауыс
"Заманың түлкі болса,тазы боп шал"-деген сөз бар қазақта.Заманына қарай адамы дейді,заманды өзгертетін- адам,адамды өзгертетін-заман.
+2 дауыс
Заман өзгермеген адамның пиғылы өзгерген Құдайға шүкір күн шығыстан шығып батысқа батады Ай да солай жұлдыз да орнында.
+1 дауыс
Заман орнында,адам өзгерген.Адамзаттың бұдан әрі дамуы мүмкін емес сияқты.Барлық жағдай бар қазір.Технология тез дамыды.Бірақ адамдардың психологиясы өзгерді.Қыздар мектеп жасында үйленіп,ұлдар мектепте бірін-бірі өлтіріп жатыр т.б.Бұл адамзаттың қатты дамуының әсері емей немене
–1 дауыс

Қайталанған сұрақтардың бірі. 

адам өзгерді ме?заман өзгерді ме?

бірінен бірі қалатын түрі жоқ не болсада алға тек жақсылығымен болсын өзгерістер болып тұрған жақсы
...