+1 дауыс
5.5k көрілді
Сақынаға шыққанда, көпшілік қауымның алдында сөйлегенде қобалжу пайда болады.Осы қобалжулардан қалай арылуға болады?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұндай қобалжу көпшілікте болады. Сондықтан, психологиялық настрой керек. Адамның санасында өте көп ақымақ ойлар болады. Егер сол сахнаға доп лақтырып, артынан кішкентай баланы жүгіртіп жіберсе, ол алаңдамай сол сахнада ойнап кетер еді. :) Себебі, оның ойында ештеңе жоқ. Өзіңізді сол қалыпқа салыңыз, саналы пофигизмге жол беріңіз, себебі бұл адамның шын бейнесі. Ұят болады-ау, ана, мынау бірдеңе-дейді-ау, сөйтеді-ау, бүйтеді-ау деген ақымақ ойды тастаңыз, себебі адамдардың бір жаман жері, сіздің бетіңізге қандай екеніңізді айтпайды, тек сыртыңыздан ғана айтады. Ал, бетіңізге айтса, ақталмаңыз да, себебі ол адам турашыл адал адам. (айналып қана кетейін)

Саханаға әр шыққан сайын, адамдарды бір қарапайым затқа теңей салуға болады. Ол, ағаштар, иттер, мысықтар болуы мүмкін. Немесе, өзіңіз қандай адамның жанында өзіңізді еркін ұстайсыз, сондай адамдардың арасындамын деп ойлаңыз. Ең соңғысы, бұл адамның барлығы Сізге жақсылық тілеп тұр деп қана ойлаңыз!

Ұялған адам сырт көзге онша әдемі көрінбейді, сондықтан табиғи қалыппен өзіңізді еркін ұстауға, еркін, ашық, сауатты сөйлеуге тәрбиелеңіз. Сәттілік!!!)))
"Ұялған адам сырт көзге онша әдемі көрінбейді". Жақсы айтылған
Көп-көп рахмет!
Керемет         .
Белгісіз
+1 дауыс
"Мен қобалжымаймын, сабырлымын" деп бірнеше рет қайталап ішіннен, терең дем алып сахнаға бет аласын. Адамдардың барлығы саған қарап тұр дегенді бір сәт ұмыт, ұялшақтық қобалжуға әкеледі. Сахнаға бірден үйреніп кетпессін, бірден үйренген ешкім жоқ бәріде қобалжиды басында. Сахнаға шыққанда қобалжуды қою үшін жиі шығып тұру керек шығар бәлкім.
+1 дауыс
Ол үшін әуелі залда ешкім жоқ кезде сахнаға шығып, залға қарап сөйлеп әбден жаттығып ал. Сосын елдің алдына шыққанда, адамдарға қарама, қарсы қабырғаға қарап тұрып, әніңді айта бер.
осы тәжірибе басымнан өткен
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

...