Достық | 3.9k қаралды
3.9k қаралды
Мен бір жанға ғашық болғанмын. яғни, сүйгенмін. Бірақ қазір белгілі себептермен қоштастық. Қазір маған ауыр болып жүр. қалай ұмытсам болады? Кеңес айтыңыздаршы.

16 жауап

Адам абсолютті түрде ешнәрсені де ұмыта алмайды ғой. Есіңізді білгелі түрлі оқиғаларды есіңе түсіріп көрсең,  өміріңде қаншама оқиғалар болғанын көресің. Олар бір сәтке сіздің ойыңызда болмауы мүмкін, оларды күйбең тіршілік, өмірдің өзге жақтары естен шығарған. Бір адамды абсолютті ұмыту үшін сенің миың жадынан айырылуы керек. Ал, өзіңе жақын адамды өз өміріңнен аластату үшін үмітіңді біржола үзгенің жөн. Онымен сөйлесуді доғар, барлық жағдайда. Сонан соң өзіңнің дәл қазір жалғыз болғаның дұрыс болған шығар. Соны ойлан, ертеңге жоспар құр, өмірдің өзге жақтарының ләззатын ізде. Өзіңе ұнайтын нәрселерді ізде, жаңа достар тап, бірақ кейбіреулер жаңа жігітпен жүр депті ғой, өз пікірім ғой, бірақ мен бұл ұсынысты қолдамас едім. Өйткені сен жеке, оңаша қалуа мұршаң болмайды, жүрегіңе, ойыңа оңаша қалуға мүмкіндік бермейсің ғой. Қысқасы,  өмірдің өзге жақтарын көр, осы қатынастарда өзіңнің жіберген қателіктеріңді жазып қойып, оны келесіде қайталамауға тырыс. Сәттілік тілеймін, ата-анаңның, достарыңның арасында, білім алып, ойнап-күліп жүре бер! Бастысы денің сау болсын, сонда әлі ақ махаббат та болады, барлығы да жақсы болады! :)
Жақсы Жауап
Өте жақсы жауап керемет екен!:) +1
Ол адамды ешқашан ұмытпайсың,елдер айтады уақыт емші деп бірақ ол бұл жағдайда көмектеспейді,жаныңды қинама,елді ойлаймын деп озінді және ол жігітті құрбандыққа шалма,ондай бақыт кұсы қайтып келмейді ...
ұмыту үшін басқа біреумен жүр... (осы сөзімді басқа қолданушылар қолдамайтының білемін) алайда басқа жолы жоқ, мүмкін басқа біреуге ғашық болып қаларсың, ешқашанда ұмыта алмаймын деген жай сөз, уақыт бәрін де өзгертеді...
Басқа біреумен жүруді менде ойлағам,бірақ ол да адам баласы ол адамды ұмытам деп ешкімнің жүрегін жаралағым келмейді. Келіп жүрген жігіттер бар,бірақ ешқайсы бұрынғыдай бола алмайтын сияқты,адамдарға сенбейтінде болып кетіпін.
қатты жақсы көрсен ұмыту киын,бірақ ұмыту үшін басқа қыздармен жүр)))
Қобыланды мен лезбянка емеспінғой қызбен жүретин! Хех ойынғо. Мен қызбынғой.
Шын сүйсең ұмыту мүмкін емес деп ойлаймын себебі шынайы сезімді оятқан сенің жүрегіңде махаббаттың тәтті бейнесін салған адамды ұмыттым десең өтірік айтқандық болар мүмкін ол жайлы ойламауың ал мүлдем ұмыту дегенге келіспеймін.
Мен мына әлемде бір-ақ жанды сүйемін,
Қалғандары соның ұқсас бейнесі.
деген өлең есіме түсіп отыр көбісі кейінгі кездескен жігітінен бұрынғы жігітінің болмыстарын іздейді ғо менің жалғыз кеңесім ойламауға тырысыңыз.
Ол жайлы ойлама... Көңiлiңдi сабаққа немесе жұмысқа аудар... Ұмыту қиын болса да, уақыт емшi... Алға!!! Уақыт өте ұмытасың...
Рахмет сіздердің ойларыңыздың көп көмегі тиеді деп ойлайм ИншаАллах
Сүйген адамды ұмыту қиын бірақ, мүмкін!!!! Ол үшін ең алдымен уақыт керек және де ең бастысы басқа қатынастар бастау керек яғни басқа жігіттерге\қыздарға көңіл аударып, өз өзіңді қолда ұстай білу керек! Және де ол адаммен кездеспеуге тырыс!
Осы сұрақты қойған Нұржауған саған рахмет, ақыл-кеңес берген бауырларыма рахмет. Меніңде басымда дәл осындай жағдай
Ұмыту мумкін емес шыгар.... Тек басқа адам тауып, сонымен көңіліңді аудармасаң. Ұмыту мүмкін емес
«Емен - ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде - бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады». (u) (с) Түргенов!
Аллаһ тағала таңдағае адамыңмен бірге болуды жазса, күндердің бір күні қайта қосылатыны сөзсіз мүмкін бұл айырлысу дегее ғашықтарға берілген сынақ шығар Менің ойымша орта жолдан тастап кетпей соңына дейін күресу қажет. Инша Аллаһ бақытты болыңыздар аллаһ сүйіктілеріңізден айырмасын!!!!
Сен оны ұмытам деп қыйналма. Уақыт барлығына емші.Бұл менің ойым. Ал кейбіреуі ұмытыу үшін өзге адамен бірге болуы керек дейді. Бұл дұрыс емес. Себебі шын жақсы көрсең басқа адамды жақсы көріп кету оңай емес. Сондықтан біреуді ұмыту үшін өзіңді де, басқа адамды да қыйнамаңыз. Уақыт бəріне емші.
118,430 сұрақ
305,379 жауап
153,303 пікір
67,813 қолданушы