+2 дауыс
5.9k көрілді
Алақан сызықтарында қандай кұпия бар?
Санаттарына қарасам бұл туралы жаман білмейтін сияөқтысың ғой))))
Алақан сызықтары, хиромантия дегенді естігем. Бірақ  сол сызықтар нені білдіреді ? Не анықтаса болады , соны білмейді екенмін.
Жақсы сұрақ! Плюс бір дауыс.

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Алақан сызықтар: 1. Өмір сызығы. 2. Жүрек сызығы. 3. Ақыл-ой сызығы. 

1. Өмір сызығына келсек, хироманттар бұған қарап адамның жалпы денсаулығына баға береді және өмірінің мөлшерін де біле алады.

Егер бұл сызық кең әрі өңсіз, түссіз болса, онда ол денсаулықтың нашарлығын, адамның мінез-құлқындағы ерекше белгілерін көрсетсе, қосымша сызықтар адамның ұзақ жасайтындығын көрсетумен қатар денсаулықтың ақаулығы барын да ескертеді.

Егер өмір сызығы екі кесіктен тұрса, онда бұл адамның өлімші болып ауыратынын немесе аяқ астынан өлетінін көрсетеді. Сызық басталатын жерінде екі ашаға ұқсас айырылса, бұл денсаулықтың жақсы болғаны.

Өмір сызығының қосарлана жүруі кейде байлықты, бақытты болуды білдіреді. Ал әйелдерде өмір сызығының екеу болуы өзін қорлауға ұмтылуы. Өте жіңішке, ұзын өмір сызығы адамның ашушаңдығын, ал өмір сызығының кенеттен жоқ болуы – адамның жақында сал ауруына шалды-ғатынын білдіреді. Мүмкін өлімге итермелеген "жасырын" ауру да болуы ықтимал. Дегенмен мұның бәріне сене беру де дұрыс емес.

Егер өмір сызығы тарам-тарам болып шашырап барып, қайта қосылса, ол қанның аздығы (анемия). Денсаулықтың нашарлығын, әлсірегенді біл-діреді. Алақанға қарап ырымшыл болып, бекерден босқа азуға болмайды.

2.  Жүрек сызығы – айқын әрі дұрыс, анық тартылса, онда бұл сызық иесінің асқан мейірбан, жайдары, ақкөңіл, өзін құрбан етуге дейін бара алатындығын көрсетеді. Жүрек сызығы ортаңғы саусақ пен сұқ саусақтың ортасынан басталса, адам махаббатта да және басқа істерде де табысқа жетеді. Бұл сызықтың бастамасы сұқ қолдың Юпитер төмпешігіне неғұрлым жақын болса, онда ол адам таза адам болғаны. Ортаңғы саусақ түбіндегі Сатурн төмпешігше жақын болса, онда бұл адамның сезімі мен көздеген мақсатының арамдығы. Жүрек сызығы алақанның бір шетінен екінші шетіне түгел жетіп, қамтып жатса бұл адамның ерекше сезімталдығы мен нәзіктігін көрсетеді. Жүрек сызығы – сынық-сынық, ирелең болып келсе, иесінің аурушаңдығын (кейде сәтсіз некелескенін), өңсіз әрі кең болса, бұзылған, жүргіш адамдардың әлсіздіктерін және ерік күштері-нің нашарлығын көрсетеді. Жүрек сызығындағы аралдар (сызықтың бұтақталып барып, қайта қосылуы) жүрек ауруларына бейімділікті (немесе әйелдердің жеңілтек мінездігін) білдіреді.

3.  Ақыл бас)-ой сызығы тура тартылса, ұзын әрі жаксы болса, иесінің жарқын ойлы, жігерлі, саналы адам болғаны. Сызық қысқа болса, оның үстіне Сатурнның астына келіп бітсе, онда бұл адам уақытынан бұрын өлуі мүмкін. Сызықтың Ай төмпешігіне қарай қатты ауытқуы – жүйкелері бұзылудан зардап шегетіндерде, есуастық пен фанатизм шекарасында тұрғандарда кездеседі. толығырақ

+2 дауыс
Менде істігенмін алқанда м әріпі сияқты сызық болса ол мұсылман екеніңді білдіреді екен
Өй дөйт деген...
Айтары жоқ-)))
М әрпіне ұқсас сызық барлық діндегі адамдарда болады ғой
Белгісіз
+2 дауыс
Көркем қыз! Алақан сызықтары ештеңені білдірмейді. Хиромантиямен айналысып көрген, әшейін өтірік нәрсе екен.
+1 дауыс
Менің ойымша алақан сызықтарына қарап өзіңнің өмір жасыңды, болашағыңды болжау мүмкін емес. Ол адам жаратылысының бір бөлшегі деп ойлаймын. Маған біреу жоғарғы сызық қысқалау болса адам ерте қайтыс болады деген. Менің қайтыс болатынымды ол білмейді,мен білмейм,бұл тек бір Құдайға аян. Сондықтан алақан сызықтарында тұрған ештеңе жоқ...

Ұқсас сұрақтар

...