Халықтық емдеу | 2.5k қаралды
2.5k қаралды
Алақан сызықтары тағдырды болжайма?Әлем халықтары алақан сызықтары арқылы адамның өмірін,болашағын,алды болатын оқиғаларын болжайды деген сенім жасырын емес*Осыларды көбінесе вокзалда көшелерде отыратын сығандар айтады*Бұл қаншалықты рас?Шынымен де осы алақандағы сызықтар арқылы,адаам тағдырын болжауға болама?Әлде өтірік пе?

2 жауап

1. Өмір сызығына келсек, хироманттар бұған қарап адамның жалпы денсаулығына баға береді және өмірінің мөлшерін де біле алады.

Егер бұл сызық кең әрі өңсіз, түссіз болса, онда ол денсаулықтың нашарлығын, адамның мінез-құлқындағы ерекше белгілерін көрсетсе, қосымша сызықтар адамның ұзақ жасайтындығын көрсетумен қатар денсаулықтың ақаулығы барын да ескертеді.

Егер өмір сызығы екі кесіктен тұрса, онда бұл адамның өлімші болып ауыратынын немесе аяқ астынан өлетінін көрсетеді. Сызық басталатын жерінде екі ашаға ұқсас айырылса, бұл денсаулықтың жақсы болғаны.

Өмір сызығының қосарлана жүруі кейде байлықты, бақытты болуды білдіреді. Ал әйелдерде өмір сызығының екеу болуы өзін қорлауға ұмтылуы. Өте жіңішке, ұзын өмір сызығы адамның ашушаңдығын, ал өмір сызығының кенеттен жоқ болуы – адамның жақында сал ауруына шалды-ғатынын білдіреді. Мүмкін өлімге итермелеген "жасырын" ауру да болуы ықтимал. Дегенмен мұның бәріне сене беру де дұрыс емес.

Егер өмір сызығы тарам-тарам болып шашырап барып, қайта қосылса, ол қанның аздығы (анемия). Денсаулықтың нашарлығын, әлсірегенді біл-діреді. Алақанға қарап ырымшыл болып, бекерден босқа азуға болмайды.

2.  Жүрек сызығы – айқын әрі дұрыс, анық тартылса, онда бұл сызық иесінің асқан мейірбан, жайдары, ақкөңіл, өзін құрбан етуге дейін бара алатындығын көрсетеді. Жүрек сызығы ортаңғы саусақ пен сұқ саусақтың ортасынан басталса, адам махаббатта да және басқа істерде де табысқа жетеді. Бұл сызықтың бастамасы сұқ қолдың Юпитер төмпешігіне неғұрлым жақын болса, онда ол адам таза адам болғаны. Ортаңғы саусақ түбіндегі Сатурн төмпешігше жақын болса, онда бұл адамның сезімі мен көздеген мақсатының арамдығы. Жүрек сызығы алақанның бір шетінен екінші шетіне түгел жетіп, қамтып жатса бұл адамның ерекше сезімталдығы мен нәзіктігін көрсетеді. Жүрек сызығы – сынық-сынық, ирелең болып келсе, иесінің аурушаңдығын (кейде сәтсіз некелескенін), өңсіз әрі кең болса, бұзылған, жүргіш адамдардың әлсіздіктерін және ерік күштері-нің нашарлығын көрсетеді. Жүрек сызығындағы аралдар (сызықтың бұтақталып барып, қайта қосылуы) жүрек ауруларына бейімділікті (немесе әйелдердің жеңілтек мінездігін) білдіреді.

3.  Ақыл (бас)-ой сызығы тура тартылса, ұзын әрі жаксы болса, иесінің жарқын ойлы, жігерлі, саналы адам болғаны. Сызық қысқа болса, оның үстіне Сатурнның астына келіп бітсе, онда бұл адам уақытынан бұрын өлуі мүмкін. Сызықтың Ай төмпешігіне қарай қатты ауытқуы – жүйкелері бұзылудан зардап шегетіндерде, есуастық пен фанатизм шекарасында тұрғандарда кездеседі.

Ақыл сызығының үстіндегі дөңгелекше (аты жоқ саусақ астында) адам-ның соқыр болып қалатынын көрсетеді. Ал, сызықтың бойындағы "арал" (бұтақталып барып қайта қосылса) мидың катты шаршағандығын дәлелдейді. Алақанның дәл ортасына келіп аяқталған ақыл-ой сызығы иесінің психикалық ауруға шалдыққандығын білдіреді. Сызықтың бойындағы "аралдар" (сызықтың бұтақталып барып қайта қосылуы) жүйке ауру-ларын, сызықтағы нүктелер – бастағы жарақатты білдіреді.

Мына суреттті де көре кет....

http://go.mail.ru/search_images?q=%D1%85%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D1%8F#w=400&h=419&s=30427&pic=http%3A%2F%2Fcs.mypleer.com%2Fnews%2Fuploads%2F2012%2F10%2Fhiromantiya-v-kartinkah.jpg&page=http%3A%2F%2Fmypleer.com%2F%3Fp%3D7506&descr=%3Cb%3E%D0%A5%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D1%8F%3C%2Fb%3E.%20%D0%A7%D1%82%D0%BE%20%D1%8D%D1%82%D0%BE%3F%20(4%20%D1%84%D0%BE%D1%82%D0%BE)%20-%20Mypleer
Жақсы Жауап
Әлем халқы адам алақанындағы сызықтар арқылы өткенді, қазіргіні, тіпті, болашақты болжап білуге болады деген ойда екендігі жасырын емес. Мұндай ойдан адамын деп ақталғаныңыздың өзінде, вокзалдағы сығандар немесе кәсіби хироманттар (хиромантия - алақандағы сызықтарды зерттейтін арнайы ғылым, ал онымен айналысушылар хироманттар деп аталады) осы тұжырымды ортаға тастайды.

Сығандардың сөзіне құлақ аспай, ғылыми тұрғыдан алып қарайтын болсақ, алақандағы сызықтар немесе алақан әжімдері жұдырықты ашу және жабу үшін, әртүрлі заттарды ұстау, қажетке жарату үшін қажет. Сондай-ақ бұл сызықтар арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады.

Яғни, сызықтар қолдағы терінің созылып кетпей, икемді болуы үшін қызмет етеді. Бұл сөзімізді саусақтардың бүгілетін жеріндегі қатпарлардың әлдеқайда көп және тереңдеу келетіндігі дәлелдей алады.

Алақанның бетінде өте айқын көрінетін үш сызық бар. Бұл сызықтар: өмір, жүрек және ақыл сызықтары деп аталады.

Ал горизонталь өтетін көлденең жатқан жалғыз қатпар (симиан сызығы деп аталады) адамның дұрыс дамымағандығына куәлік ете алады. Әдетте мұндай алақандар Дауна синдромына тап болған балаларда және фентальді алкаголь синдромы қойылған адамдарда кездеседі.

Жоғарыда айтылған фактілерге сене отырып, нақты диагноз қоюға мүлде болмайды. Себебі, алақандағы сызықтардың саны, тереңдігі адамның нәсіліне, генетикасына тікелей байланысты болады.

http://massaget.kz/bilim/bilesiz-be/11152 осында жазылған
118,499 сұрақ
305,563 жауап
153,302 пікір
67,962 қолданушы