Жидеде қандай дәрумендер бар?

+1 дауыс
1.7k қаралым
Атам жидені көп жейді. Айтуынша қартайған адамға күш -қуат береді екен. Әжем уйде кішкентай баларлар іші өтіп ауырып қалса,жидені қайнатып суын ішкізетіні бар.Жидеде қандай дәрумендер бар? Ол және неге пайдалы?
• Санаты: Жалпы сұрақ

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Жиде – көптеген дертке шипа. Гүлінің құрамында эфир майы, жапырағында аскорбин қышқылы болады. Сабағы мен бұтағының құрамында илік және бояу заттары бар. Жидегінде қант, органикалық қышқылдар, ақуыз, көмірсулар, фруктоза, аздап илік заттар, дәрумендер бар. Жидеде Е дәрумені көп болады. Жидені іштің ауырғанын басу, иммунитетті көтеру, ас қорыту органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланады. Жүрек-қан тамырлары ауруларын жидек жемісімен емдейді. Жиде құрғақшылыққа төзімді. Оны құм тоқтатуға, жыра,арық, өзен бойын, қаланы көгалдандыруға пайдалану керек. Гүлінен хош иісті май, иіс сулар алынады. Жиде балы адам денсаулығына өте пайдалы.

+1 дауыс
көзге  пайдасы бар ау димін

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,752 сұрақ
322,321 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы