+1 дауыс
19.2k көрілді
Туылған күн кешінде дос қызға айтар жылы лебіздер керек еді? мейлі өлең болсын, мейлі көркем сөз болсын. Тек дос қызға арналған болса... Басқаларды қарап шықтым, олар дос қызға арнайы жазылғаны жоқ екен.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жауап жазуға кешіккен сияқтымын.Алайда жазайын.Мүмкін бір кәдеге жарап қалар...

Өмір атты керуеннің жолаушысына айналып,оның есігін алғаш ашқан,күндерден ерекше туылған күнің құтты болсын!Өмірдің барлық сынағына төзе білетіндей сабырлы,бақытты жан бол.Мен саған иманды қыз,білікті маман,ибалы келін,сүйікті жар,аяулы ана болуыңды тілеймін.Әрқашан көгершіндей сұлу,қарлығаштай мейірімді,аққудай пәк бол!Аспандағы жұлдыздар бейне бір адамдар секілді.Бірі жарқырап тұрса,енді бірі көрінер көрінбестей.Сен сол жұлдыздардың ішіндегі ең нұрлысы секілді болып,жүзің қуанышқа толы болсын..тағы да туылған күніңмен!

...