+3 дауыс
19.7k көрілді
Үкімет шағын және орта бизнесті дамытып жүргендерге ерекше қолдау көрсетіп жатыр. Дегенмен де бизнес бастау оңай шаруа емес. Менің бір туысқан ағам шағын бизнес бастасам деп отыр.1). Биік жетістікке жеткісі келіп, бірақ өзіне сенбей тұрған жігітке қандай психологиялық кеңес берер едіңіздер? 2). Кәсіпкер халықпен қарым қатынаста нені ескеру керек? 3). Кімдерден аулақ болу керек,кімдермен жұмыс істеген тиімді? 4). Кәсіпкер неге дайын болғаны дұрыс? Барлық жауаптар үшін алдын ала рахмет.

6 жауап

+5 дауыс
Қай салада ашқысы келеді? Барлығы соған байланысты. Тек ақша үшін емес, сапалы өнім ұсыну үшін жұмыс жасаса кез келген бизнес табыс әкеледі. Алға мақсат қойғанда мынандай көлемде ақша табам деп қана емес, сонымен қатар мынадай жұмыстар жасаймын, қайырымдылыққа жұмсаймын деген секілді ойда болу керек. Адамға жасаған ісіне қызығушылық керек. Ақша табу мақсатында ашылған істің керемет табыс әкелетініне сенбеймін. Бұл өз ойым. Тамаша тақырып қозғалды. Достар, өз ойларыңды жазып қалдырыңдар!
Рахмет!  Жауапқа. Шағын бизнес болғанда бір екі кішкене цех ашып па солай бастағысы келеді.  1) Коробка және ақ қап шыгаратын . Банан т.б жемістердің коробкасы .ұнның ақ қабы.2) кірпіш цех. Кірпіш болғанда ауылда уйлер сыртын , ауланы коршайтын кірпіштер.улкен улкен.сары кызыл емес
+2 дауыс

Ең бірінші жеке кәсіпкерлікті тіркетуден бастау керек. Ол үшін мыналарды орындау керек:

 

Жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу салық органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.

Дара кәсiпкерлер келесі шарттардың біріне сай келетін болса, онда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Бұл шарттар:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдалану;

2) 2013 жылға жеке кәсiпкерлiктен есептелген жылдық жиынтық табысы 223 920 теңгеден асу (ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерi х 18 660 теңге).

Аталған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызмет жасауына тыйым салынады.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ип каз 1

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:

1) дара кәсіпкерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн 3462 теңге мөлшерде алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.

 

+1 дауыс
Аганыз цех ашкысы келсе мебелни ашкан жон казир.
0 дауыс
салеметсиз бе  магазин ашуга да бола ма оган  кандай комек  корсете алады екен несие жагынан жас анамын жумыссызбын комектесе  аласыздар ма
0 дауыс

Кәсіпкер болу - өмір жолын түбегейлі өзгерту. Бұл жол сізге ғана емес, сонымен қатар отбасыңызға да өзгеріс әкеледі. Кәсіп кішігірім қаржылық тәуекелдермен, жұмысты жандандырумен, жиі реттелмейтін жұмыс кестелерімен және басқа қиындықтармен байланысты. Көп еңбектенуді талап ететін кәсіп жолын қалай бастауға болады?

1-қадам. Бизнес идея

Бастапқы кезеңде кәсіпкерлік қызметтің бағытын анықтау, болашақ табысыңызға тікелей байланысты болатын ең маңызды қадамдардың бірі. Бірден сәтсіздікке ұшырайтын сәтсіз идеяларға бой алдырған кезде, сарапшылар қарапайым формуланы қолдануды ұсынады. Ол екі бөлімнен тұрады:

  • Бастап отырған кәсібіңіз қоғамға пайдалы болуы керек. Сондықтан, бастамас бұрын сіздің әлеуетті тұтынушыларыңыз сіз не істегіңіз келетінін түсіну қажет. Идеяны сипаттау қажет. Алынған фразаның семантикалық және эмоционалдық жүктемесі бизнес туралы толық ақпарат береді.
  • Бизнес идеяның бар болғаны жақсы. Бірақ, бұл көп жағдайда керісінше болып жатады. Болашақ кәсіпкер ұзақ бас қатырады және таңдалған нұсқаларға күмәнмен қарайды. Осындай процесті жеңілдету үшін интернет көмегіне жүгінуді ұсынамыз. Бүкіләлемдік интернет көзі, қазіргі таңда шағын бизнесті жүргізудің ең маңызды нұсқамасы.  Мүмкін, бірегей ойлар мен ұсыныстардың шоғырлануы осы бір танымал қызметтер мен әлеуметтік желілерде. Мысалы, Твиттер, ВКонтакте, Live Journal, Инстаграм және т.б.

2-қадам. Тәжірибеден сабақ алу

Таңдалған бағыт туралы ақпарат жинағы тек теориямен шектеліп қалмауы керек. Бизнесте көптеген «тұзақтар» бар және бұл нюанстар тәжірибелі, белсенді кәсіпкерлерге ғана белгілі. Кәсіпкерлік барлығы білетіндей тұрақсыз жұмыс, көп нәрсе ішкі түйсікке байланысты шешіледі. Әрине, мұндай жағдайда тәжірибе құнды. Кейбір керекті мәліметтерді сіз ешқашан кітаптардан таба алмайсыз, сондықтан тәжірибелі бизнесменнен алынған ақпарат тәуелсіз жұмыс істеу барысында үлкен қателіктерден аулақ болуға көмектеседі.

  • Өз бизнесін қалай бастауға болатыны жайлы сіздің алдыңызда миллиондаған кәсіпкерлер ойлаған. Демек, бұл бірыңғай тегіс жол емес. Қолданыстағы нарық ойыншыларының тәжірибесін зерттеңіз: олар бизнеске қалай келді, ұйымды қалай құрды, қандай қиындықтарға тап болды.
  • Барлығының анық-қанығына жетіп алғаннан кейін, берілген ақпаратты өзіңіздің қажеттілігіңізге сәйкес қолдануға тырысыңыз. Бұл кішігірім кәсіпорындарды нарықта көптеген шағын ұйымдар арасында ажыратуға  мүмкіндік береді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс

Ютубтан "Бизнес Бастау " деген каналды көріңіздер.

Өте керемет айтады. Шағын бизнеске идеялар көп. Бизнес бастаумен бизнес бастау оңай.

...