+1 дауыс
10.1k көрілді

Омыртқа неге қисаяды? Омыртқа жотасы қисайғанда ішкі мүшелерде қандай өзгерістер болады?

Көркем  осы сұрақтарды қайдан табасын а? Әлде қолында әрдайым қалам мен парақ жүре ме? есіңе бір білгін келген нәрсе түскенде сұрақ етіп жазып қоясын ба?
Белгісіз
Өмірдің өзі сұрақтан тұрады ғой. Дұрыс таптың ойыма бір сұрақ келе қалса, оны бірден кішкене кітапшаға жазып қоямын. Ал мұндағы біраз сұрақтар  менің тестке дайындалған сұрақтарым , толық жауап керек болғандықтан  осында қоямын. (Медицина туралы).Кейде ажем көмектеседі. )) Сұрақтарыма жауап беріп журген барлық сж қолданушыларына алғысым шексіз!  Алла разы болсын баршаңызға!
ай рахмет !  мен де сондай кітапша бастайын деп едім осындай сұрақтар жинап бір қоя салатын)
Белгісіз
Әйтеуір!Сұрақтары өте жақсы!Кейде жауап таба алмайтын сұрақ қоясыз!Мен де солай ететін шығармын!
Ілмекті дұрыстап кететін адам табылса : омыртқа, омыртқа жотасы, омыртқа қисаю, ағза , омыртқа, жаттығуы деп жазып кетсе ..өңделіп қалар еді
Я менде айтайын дегем негізі ілмек дұрыс емес,ондай ұзақ сөз болмайды 3-4 сөз!Өңделді,және өзініз неге өңдемедініз соны білгім келіп тұрғаны!
Ол кезде ілмек жазуды білмейтін едім.  Сол кездегі сұрақтарымның ілмектері сөйлем болып кеткен, қазақша әріптермен де жазылмаған. Менде жоқ болатын қазақша әріптер. Админ ілмек  қалай жазуды жақында айттып ескертпегенде ..әлі сөйлем жазып жүрермем

6 жауап

+2 дауыс
Ол негізі дұрыс отырып-тұрмаудан болады. Айта кетсек бұларды бала кезден бізге мұғалімдер үйретеді. Себебі ең алғаш мектепте партада дұрыс отыру керек. Басында қалай отырса солай омыртқа қалыптасып кетеді. Сондықтан орындыққа отырғанда түзу отыру керек.
+1 дауыс
Жастықсыз жату (или биік емес подушка), дұрыс жүру, отыру, тұру)) Барлығы осындай майды шүйдеден басталады, аяғы остехондроздың алдын алу. Бүкіреуін жүрген кейбір әжелер жас кездерінде солай бүкірейіп жүрмеген ғой, олай туылмаған, тек солай жүріп арнайы физ қимылдар жасамаған сон. Қазір ғой жас кезімізде өз өзімізді күтіп зарядка жасаймыз, кейін жұмысқа тұрып жұмыстегенде шаршап келіп жатады қояды екен адам, таңертен ерте тұрып шай ішуге ғана уақыт тауып асығып шығып кетіп, содан солай солай жүре беріп бір күні раз и болезнь)
Димаш жауапқа рахмет.  Тағы қосып кетші толықтырып.  Омыртқа қисайғанда ішкі ағзада қандай өзгерістер болады?
+3 дауыс
Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis — қисық, қисайған) — омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туа бітетін және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа бітетін сколиоз омыртқа, қабырға мен жауырынның және төс сүйегінің әр түрлі себептерден дұрыс дамымауынан болады. Сколиоздың бұл түрі нәресте туғаннан кейін немесе алғашқы қадамын жасағанда, кейбір балаларда аурудың белгілері 5 — 6 не 12 — 14 жаста байқалады. Жүре пайда болатын сколиоздың себебіне қарай рахиттік, статик., неврогендік және үйреншікті (идиопатик.) түрлері болады. Рахиттік сколиоз негізінен рахит ауруына шалдыққан балаларда кездеседі. Мұндай балалардың сүйектерінің жұмсару себебі олардың ерте отырып, жұмсақ төсекте жатуына байланысты болады. Статикалық сколиоз омыртқаға түсетін күштің бірқалыпты болмауынан дамиды. (мысалы, скрипкашылар, тігіншілер, т.б.). Неврогендік сколиоз полиемиелитпен ауырған балаларда кездеседі. Үйреншікті сколиоз арқа, жауырын, бұлшық еттерінің қалыпты дамымауынан болады. Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы омырқаға түскен әр түрлі күштердің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі. Бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Сондай-ақ сколиоздың бөлшектенген (омыртқаның тек бір бөлегінің қисаюы); тұтас (омыртқаның толықтай қисаюы); сыртқы пішініне қарай: біржақты және S тәрізді түрлері ажыратылады. Сколиозды емдемес бұрын сколиоздың түрі мен омыртқаның қисаю дәрежесі; ауру адамның жасы мен оның қосымша сырқаттары; диагноздың қойылу мерзімі, т.б. жағдайлар мұқият ескеріледі. Емі: консервативті әдіс бойынша — арқа, жауырын тұсындағы бұлшық еттерді арнайы гимнастика, массаж, дәрі-дәрмек, әр түрлі корсеттерді пайдаланып нығайту; хирургиялық әдіс бойынша — консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда, ауто-гомотранспланттарды қолданып, омыртқаны бір қалыпта бекіту үшін операция жасау. Омыртқа қисайғандағы басты белгісі омыртқа арасындағы жарықтың орналасуына байланысты. Егер омыртқа арасындағы жарық кеудеде болса, кеуде тұсының шыдатпай ауырсынуы, екі қолдың ұйып қалуы, үнемі екі қолдың қақсап ауруы, ал бел аймағында болса, аяқтардың ауыруы, біртіндеп аяқ бұлшық еттерінің арықтай бастауы, яғни орналасқан жеріне байланысты ауру туындатады. Ал, қауіптілігіне келетін болсақ, ол мүгедектіктен салдануға дейін алып келеді.
Тек қана сколиозға тоқталыпсың. Бұдан басқа патологиялық кифоз және лордоз деген омыртқа қисаюлары болады.
+2 дауыс

Алдын алу:Менінше Спортпен айналысу!

0 дауыс
Салеметсизбе менин кызым бир жакка кисаиып жур жакында паида болды.Кишкентай інісін бір жакка котерет унемі өзім содан деп оилаймын.оган нестеуге болады
0 дауыс
түзу отыру керкек
...