Тұлға, Адам | 18.3k қаралды
18.3k қаралды
Шашты 1 айдың ішінде қалай ұзын қылып өсіруге болады?
Арнайы шаш осиретин маскалар бар.,соларды пайдалан
олар аса комектесе коймайды

8 жауап

Бір айдың ішінде шаш өсіре алмайсың! Қалыпты жағдайда шаш бір айда 1-2 см-ге ғана өседі.Наращивание жасаудан басқа амал жоқ сияқты!!!
solayma?
Белгісіз

Бұл масканы 1 ай бойы аптасына 1 рет жасау керек. Дұрыс пайдаланған жағдайда шашты 15 см-ге дейін өсіруге мүмкіндік бар.

Масканың жасалуы өте оңай, негізінде қыша (горчица) жатқандықтан, ол бас терісін қыздырып, шаштың түйінінде қан жүгіртеді.

Ол үшін:

  • 2 ас қасық құрғақ қыша ұнтағын (дәмдеуіштер бөлімінде сатылады) ыстық сумен араластырамыз;
  • 2 үлкен қасық ыстық су;
  • 1 жұмыртқаның сарысы;
  • 2 ас қасық зәйтүн майын (немесе кез келген косметикалық май)
  • 2 шай қасық қант (қант көп қосқан сайын, қыша қыздыра түспек)

Осы қоспаны шаштың арасына, бастың терісіне жағыңыз, шаштардың түбіне тигізбеуге тырысыңыз, әсіресе құрғақ түптерге (тиімді әсер ету үшін шаштың құрғақ түптеріне ысытылған косметикалық май жақсаңыз болады). Басыңызды целлофанмен немесе пакетпен орап, үстінен орамал, не жылы бас киім киіп алыңыз.

15 минуттан 1 сағатқа дейін ұстау керек. Бәрі сіздің шыдамдылығыңызға байланысты, егер қызғанға шыдасаңыз, 1 сағатқа дейін ұстауға болады. Ал егер тіптен басыңыз «өртеніп» бара жатса, 15-20 минут ұстаңыз.

Назар аударыңыз! Бірінші рет жаққанда міндетті түрде 15 минут ұстау керек, тіптен шыдамай бара жатсаңыз да. 15 минутта басыңыздың терісіне де, шашыңызға да ештеңе болмайды (көп рет тексерілген), ал кейін үйренген соң жарты сағат, бір сағат отыра алатын боласыз.

Масканы аптасына 1 рет, егер майлы шаш болса көп дегенде 2 рет жасау керек (терінің майлылығын сәл басады).

Масканы жылы сумен жуып, кейін сусабынмен шайыңыз. Жақсы әсер ету үшін кез келген бальзам қолдансаңыз болады немесе шаш өсіруді тездететін дайын бальзамдарды жағыңыз.

Егер шашыңыз тезірек ұзын болсын десеңіз, масканы тым құрығанда 1 ай бойы жасаңыз. Қыша маскасы шашты тез өсіруге ықпал етіп қана қоймай, қатайтып, көлем беріп, қалыңдатады. Сонымен қатар тез майланатын шаштардың мәселесін шешеді, шаш тез кірлемейтін болады. Шаштың құрғақ түбі мен боялған шаштарды міндетті түрде қыздырылған косметикалық маймен майлаңыз немесе арнайы сондай маска сатып алыңыз.

Мұндай масканың әсерінен көптеген таз еркектердің шаштары шығып, қалыңдағаны байқалған. Осы ғажайып масканы сіз де пайдаланып көріңіз. Ақпарат Массагет сайтынан алынған.

қыша деген не??? орысшасы қалай?
Білмеймін! Дәмдеуіш(приправа) сататын жерден табасың ғой!
мен де де осындай жағдай, шашты қыздырса түсіп қалмай ма сосын?
бастың терісіне жағыңыз, шаштардың түбіне тигізбеуге тырысыңыз деп жазылган түсінбеди шаштын түбі бастын терісі бір емес пе
мүмкін емес нәрсе 1 айдың ішінде ұзыыыын қылып өсіре алмайсың..........
қышаның орысшасы горчица ғои. Оны мен истеп кордим еш комектеспеди шаш осіруді тездететін шампуньдар бар неге соларды пайдаланып кормеске
Ол қандай шампунь?
Бірайда олай өстіре алмайсың шаш өстіретін шампундарды пайдаланып көр
Қыша құрғақ шашқа əсер етпейді, бірақ майлы шашқа əсері мол. Шаш түспейді шаштың түбіне яғни теріге жағу керек шаштың ұшына жақпаған абзал ұштары гүлдеген болса
Кыша деген не ол шампуньын аты калай ол канша турады
Байқауым бойынша шашты қаншалықты қысқа етіп қисаң соншалықты тез өсетін сияқты?
118,599 сұрақ
305,927 жауап
153,310 пікір
68,357 қолданушы