+2 дауыс
3.2k көрілді
Бұрындары ұйықтап жатқан сәтімде бір күш жанымды қысып оятады. Тура бір үстіңе еңгезердей адам отырып қылғындырып жатқан секілді. Дәл осы кезде мүлде қимылдай алмай қалып, сөйлейін десең даусың шықпайды. Жаның көзіңнің ұшына келеді. 2 минуттан кейін қояды. Кей-кездері 2-3 рет алма кезек жасайды. Бұны ғылымда не дейді? Қалай түсіндіреді? Бұл құбылыс неліктен болады?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұны медицина ұйқы кезіндегі сал деп түсіндіреді. Яғни, ұйқыға кетпей тұрып немесе оянған соң бұлшық еттердің жиырылып қалуы. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, бұл кәдімгі паралич ауруына жақын. Әдетте мұндай оқыс жағдай мидың белсенділігі артып, бұлшық еттер әлсіреген ұйқы кезеңінде болады. Осы кезде адам денесінің қозғала алмай қалуы қалыпты жағдай. Себебі адам миы кенеттен оянып кеткенімен, дене параличі бірнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесі әлі ұйқы кезеңінде. Дененің қозғала алмай қалуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшін ол бірнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрінеді. Дене параличі әдетте шалқалай жатқанда басатынын оқыдым. Медицина мұндай кезде адамға тылсым нәрсенің – үй иесі, белгісіз адамдардың елестеуі заңдылық деп түсіндіреді. Кеудені біреу басып жатуы, тыныс алудың қиындауы, көзді аша алмау, дыбыс шығара алмау, осының бәрі ұйқы кезіндегі параличке тән нәрсе. Алайда медицина мұны дұрыс жатпау, ұйқының бұзылуы салдарынан болатын салға жақын күй десе де, халық оны әлі күнге дейін тылсым күштермен байланыстырады.
Рахмет! Сіз айтып отқан жайттардың барлығы да болды.
0 дауыс
Ондай іс қимыл менде де болады,тек 2көзім ашық,басқасы қозғалмайды,құдды бір жанымның жартысы аспанға ұшып кеткендей.
Білмесең айтпа!!
Белгісіз
...