+2 дауыс
152k көрілді
Құран оқылғаннан соң, арапша-қазақша батасын жазып беріңіздерші! Немесе қай сайттан қарауға болады?
субхана роббил азим магынасын тусіндіресізба

5 жауап

+1 дауыс

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»

Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

+2 дауыс

http://kitap.kuran.kz меніңше құран үйренуге сізге жақсы көмектеседі деп ойлаймын

Жақсы сайт! Жарайсың! Өзімде осы сайттан ең алғаш рет оқығанмын!
Алла разы болсын, осындай нәрсені іздеп жүргем.
0 дауыс
Фатиха және үш рет Ықылас сүрелерін оқып болғаннан кейін мынандай дұға оқимын: Алхам ду лиллах, алхам ду лиллах, алхам ду лиллах! Я Аллах, я Аллах, я Аллах! Осы оқылған Құран Шарифтің сауабын, ішкен-жеген тағамдарымыздың сауабын, әуелі өзіңнің ризашылығың үшін, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа сафиолланың рухына, оның үй-ішіне, пайғамбарларға, әулие-әнбиелер мен машайық-пірлерімізге бағыштадым. Осы өмірден өткен барлық мұсылман рухтарына бағыштадым! Арнайылап ..... ( аты-жөндерін айтасың. мысалы, Жүніс баласы Нартайдың рухына) Жатқан жерлері жайлы болсын! Аллах тағала имандарын серік етсін! Осы өмірде біліп істеген, білмей істеген үлкенді-кішілі күналарын кешіріп, жақсылардың қатарына қоссын! Аллах тағала арттарында қалған жандарға бірлік пен береке беріп, аурудан-сырқаудан, бәледен-жаладан, қауіптен-қатерден сақтасын! Өліге иман, тіріге берекет берсін! Аумин! - деп қайтарамын.
0 дауыс
Құран оқылғаннан соң, арапша-қазақша батасын жазып беріңіздерші!
0 дауыс
Садақал-лаһул-азыйм. субхана роббикә роббил ғиззати ғамма ясифун уа саламун 'алал-мұрсалин уалхамду-лиллаһи роббил 'аламиин.
Иә, ұлы Алла осы оқылған "Фатиха", "Ықылас" сүресінен болған сауапты Адам ата мен Хауа анаға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу ьәләйһи уә сәлламға),барша дүниеден өткен пайғамбарларға, сахабаларға, шәһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға, өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқандарыма (аты-жөнiн айту керек) бағыштадым.
Иә, Алла! Ол кісілердің рухтарын осы оқылған құран аяттарымен нұрландырып, қабiр азабынан сақтап, жандарын Жәннәттық ете көр! Бұл дүниеде біліп-білмей істеген күнәларын кешіре көр! Иә,Жаратқан Ием, ақірет күні ол кісілердің амал кітаптарының оң жақтан болуына нәсіп ете көр!
Раббанаа аатинаа фид-дуния һасанатан. уа фил аахирати һасанатан. уақинаа ғазаабан-наар. Әумин!
...