0 дауыс
10.2k көрілді
EXPO 2017 көрмесі Қазақстанға қандай пайда әкеледі?

2 жауап

0 дауыс

Бірінші кезекте Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу Қазақстанға әлемдік танымалдылыққа қол жеткізуге, брендке айналуға мүмкіндік береді. 

Екіншіден, Еуразия құрлығының ортасында Қазақстанның тиімді орналасуы шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудырады. Себебі әрбір адам біліміне қарамастан жаңа елдерді танып, білгісі келеді және менің ойымша, ЭКСПО-ны өткізетін Астана географиялық жағынан бүкіл әлем туристерінің назарын өзіне аудартады. 

Үшіншіден, тәжірибелік жағынан сәйкес инфрақұрылымдық жобалардың рөлін атап өткен жөн. Қонайқүй, мейрамхана, ойын-сауық нысандарын салу туризм мен бизнесті дамытуды ынталандыру керек. ЭКСПО-дан кейін бизнес сондай жақсы дамиды деп айта алмаймыз, дегенмен ол осы базаға инвестицияларды одан әрі тартуға негіз болады. Сондай-ақ, масштабты көрмені өткізу жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті индустрияны, әсіресе шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан екі нәрсені атап өткен жөн: бірінші – әлемдік бренд, екінші – коммерциялық жағынан пайда көру. Және экономикалық пайдадан басқа ненің пайдалы екенін Оңтүстік Африкада өткен футболдан әлем чемпионатынан көруге болады. Бұндай үлкен шара халықты бір командаға біріктіруге, бір мақсат қоюға, мыңдаған еріктіні тартуға мүмкіндік береді.

Астанада ЭКСПО-ны сәтті өткізу Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға, сіздердің экономика мен инновацияларыңызды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

 

 

0 дауыс

Танымалдылық әкеледі.

...