+1 дауыс
144k көрілді
Маған ЭКСПО-2017 туралы шығарма керек еді.Кемінде 150-200 сөз болу керек.

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі. Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.
0 дауыс
Әдеби сөзбен калай аяқтауға болады
0 дауыс
Бала көзбен жазып бере аласыз ба?
0 дауыс
EXPO-2017 халықаралық
0 дауыс
Шыгарма емес мынау.Таза плагиат кой.Шыгарма аркимнин оз ойы,бир жерден урланган е
+1 дауыс
              EXPO-2017 көрмесі Қазақстанға не                                 берді?

   Жалпы EXPO-2017 көрмесі-Негізгі тақырыбы-"FUTURE ENERGY", яғни,"Болашақ энергия" атты,Қазақстанның Елордасы,Астана қаласында орналасқан,2017 жылы ұйымдастырылған Халықаралық көрме.

    ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары Сәуле,Мөлдір,Қуат болды.Көрменің негізгі символы болып табылатын "Нұр Әлемі" шарын сау үшін 13 мың тонна металл қажет болды. Сонымен қатар, шардың беті 2800 шыны панельмен қапталған. Барлық павилонды аралауға 96 сағат қажет етеді. Ал, көрме барысында 3500 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Әлемнің 53 елнің үкімет басшылары Халықаралық көрменің құрметті қонақтары мен қатысушылары болды.

   EXPO-2017 көрмесі жалпы, Ұлыбритания,Франция,АҚШ,Австралия,Бельгия,Италия,Канада,Испания,Бразилия,Оңтүстік Корея,Португалия,Германия,Қытай және Түркия секілді елдер бүкіләлемдік көрме өткіщді. Ал,сол тізімнің ішінде болу айтарлықтай абырой,мәртебе. Есігі 3 ай бүкіл әлемге ашық болған ЭКСПО-2017 3 айдың ішінде 178 елден 4 млн адам келіп тамашалады. Бұл әлемдегі мемлекеттердің 90 пйызы.

    Қорытындылай келетін болсақ, ЭКСПО көрмесі Қазақстан еліне үлкен,зор мәртебе,абырой әкелді. Әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келді. Сондықтан,мұндай тамаша,әсем қалаға,көрмеге баруды баршаңызға ұсынамын!
0 дауыс
Өте жақсы келісем
+1 дауыс
ЭКСПО 2017 көрмесі туралы шағын шығарма

ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін елдіктің ерен жеңісі деуге болады. Бұл көрмені Астана қаласында өткізу - Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі.

ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» болды, бұл дегеніміз «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновацияларды қолдау деп білеміз. Бұл ауқымды тақырып ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналды. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өткізіліп тұрды.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын 2017 жылғы 10 маусымда бастап және 10 қыркүйекте аяқтады.

Көрме кешенінің жалпы алаңы 174 гектар. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынды. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орын алды. Казакстан Республикасының елордасы. Ол - iрi бизнес орталығы. Астанада көптеген мәдени орталық бар. Астанада зәулім ғимарат көп.
...