+7 дауыс
Достар, нотариус сөзінің қазақша мағынасын білсеңіздер жазыңызшы, мен мұнда қиналып отырмын аудара алмай, мені де қазақ дейді-ау))))
04.11.2010 3.4k қаралым

4 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
нақты аудармасы жоқ екені белгілі, үшінші жақтағы заңды тұлға деп түсінсең болады.
20.11.2010
0 дауыс
Нотариус сөзінің қазақша анықтамасы жоқ. Термин сөз ғой. Ағылшын тілінде қалай болса солай айтылады. Мүмкін болшақта қазақша нұсқасы берілетін шығар. Мүмкін қазақша нұсқасын сіз беріңіз. Жақсы болды ғой http://www.termin.kz сайтына енгізіп қояйын. Қазақша өз нұсқаларыңызды берсеңіздер болады. Әрине неге олай екендігіне түсініктемесе бере кетіңіз. Әзірге Нотариус деп жазғаныңыз дұрыс болар.
04.11.2010
+1 дауыс
Барлық жерде, соның ішінде мемлекеттік органдардың өздерінде де, "нотариус" деп атайды. Сондықтан "нотариус" деп аударсаңыз, қателеспейсіз.

Ал егер мағынасын түсіну мақсатымен сұраған болсаңыз, онда "нотариус — құжаттардың көшірмелерін, үзінділерін, аудармаларын және оларға қойылған қолдарды куәландыратын, сондай-ақ әртүрлі заң актілерін (келісім-шарттар, сенімхаттар т.б.) рәсімдейтін заңгер маман" деп түсінуге болатын шығар.

Ескерту: жауабымды "болатын шығар" деп аяқтаған себебім — заңгерлік білімнен мақұрым едім :)
10.12.2010
0 дауыс
Нотарис сөзінің мағынасы куәландыру деп естігенмін.
08.07.2012
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы