Барлық жерде, соның ішінде мемлекеттік органдардың өздерінде де, "нотариус" деп атайды. Сондықтан "нотариус" деп аударсаңыз, қателеспейсіз.
Ал егер мағынасын түсіну мақсатымен сұраған болсаңыз, онда "нотариус — құжаттардың көшірмелерін, үзінділерін, аудармаларын және оларға қойылған қолдарды куәландыратын, сондай-ақ әртүрлі заң актілерін (келісім-шарттар, сенімхаттар т.б.) рәсімдейтін заңгер маман" деп түсінуге болатын шығар.
Ескерту: жауабымды "болатын шығар" деп аяқтаған себебім — заңгерлік білімнен мақұрым едім :)