+4 дауыс
11.1k көрілді
Мені мазалап жүрген мынадай сұрағым бар:Не себепті хирург мамандардың көбі ер адамдар?Әйел адамдар неге аз?Жалпы өзі әйел адам Хируг бола алады ма?
Жақсы сұрақ. Менен плюс 1 ))
Операция жургзген кезде. Спиртти обизательно ишу керекпа.
Ретімен ғана, профилактика есебінде.

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
арине бола алады,менин мамандыгымда хирург. Ал кобине ер адамдар кездесетин себеби,хирургтердин жумысы оте ауыр,жане операция жасаганда тозимди батыл ари тианакты адам керек
Хирург болу  улкен төзімділікті талап етеді, кейбір күрделі операциялар 10-12  сағат жүреді. Кейбір жағдайларда әсіресе травматологияда науқас адам   операция үстінде қайтыс болып кетіп жатады. Жасы еліп қартайған емес, өте жас өмірді енді бастаған адамдар операция үстінде өлуі әйел докторлар үшін үлкен психикалық травма . Әйел адамдар физикалық күш жағынан да,  эмоция жағынынан осалдау болады. Сондықтан басында хирургияны таңдаған әйел докторлар өзінің шамасының қандай екенін байқағаннан кейін медицинаның басқа бөлімдеріне ауысып жатады. Сосын әйел доктор ,тұрмысқа шықса,балалы болса, аналық парызы, куйеуінің алдында жұбайлық парызы, ұйдің тұрмысы қосылады.Бұлардың бәрін бірге алып жүру  өте қиын болады.Негізі өте жақсы әйел хирургтер баршылық,олардың көпшілігі бар өмірін тек медицинаға арнағандар. Олардың бала- шағасы,ұйі больницаның хирургия бөлімі болып кеткен. Өз сіңлім  осылай, 40- жасында тұрмысқа  шығып ,балалы болған соң ғана анестезиология саласына ауысты.
ЖАҚСЫ,сіздің мамандығыңыз қандай?
+1 дауыс
Бола алады. Себебі мынау деп ойлаймын:

Көбінесе әйел адамдар нәзіктеу емес пе? Хирург мамандығы білесің қаншалықты қиын әрі қорқынышты екенін. Сондықтан болар деп ойлаймын.
+1 дауыс
Себебі, еркек адамның психикасы мықты болады, әйелдерге қарағанда аяусыздау болып келеді )) Сосын, әр операциядан кейін хирургтар дезинфекция мақсатында спирт не арақ ішеді. Өйткені операция барысында қан-іріңнен инфекция жұқтырып алуы мүмкін.
Жалпы сіз естіген немесе көрген әйел адамдар бар ма?
Алматы қаласында 2-3 әйел хирургтар болу керек. Бірақ, олар хирургияның қай саласында екенін анық білмедім. Шамасы, өкпе хирургиясы болу керек.
0 дауыс
озине сенетин любой адамга болуга болады
...