Хирург болу улкен төзімділікті талап етеді, кейбір күрделі операциялар 10-12 сағат жүреді. Кейбір жағдайларда әсіресе травматологияда науқас адам операция үстінде қайтыс болып кетіп жатады. Жасы еліп қартайған емес, өте жас өмірді енді бастаған адамдар операция үстінде өлуі әйел докторлар үшін үлкен психикалық травма . Әйел адамдар физикалық күш жағынан да, эмоция жағынынан осалдау болады. Сондықтан басында хирургияны таңдаған әйел докторлар өзінің шамасының қандай екенін байқағаннан кейін медицинаның басқа бөлімдеріне ауысып жатады. Сосын әйел доктор ,тұрмысқа шықса,балалы болса, аналық парызы, куйеуінің алдында жұбайлық парызы, ұйдің тұрмысы қосылады.Бұлардың бәрін бірге алып жүру өте қиын болады.Негізі өте жақсы әйел хирургтер баршылық,олардың көпшілігі бар өмірін тек медицинаға арнағандар. Олардың бала- шағасы,ұйі больницаның хирургия бөлімі болып кеткен. Өз сіңлім осылай, 40- жасында тұрмысқа шығып ,балалы болған соң ғана анестезиология саласына ауысты.