Қазіргі кезде көпшілікке сайт жасап оны жүргізу қиын шаруа емес болып қалған жайы бар. Арнайы дайын CMS -тердің көмегіне жүгініп емін еркін сайт жүргізуге болады. Осы орайда көп сайт иегерлері сайтын іске қосқан соң көп оқырмандар кіретін, әрі танымал болғанын қалайды.
Интернетте 1 пайыз ережесі бар. Сол ережені дұрыс ұстанатын болсаңыз өте жақсы, әрі танымал сайтты дүниеге әкелуге болады.
Бір пайыз ережесі— яғни бұл ереженің заңы бойынша қолданушылардың тек бір пайызы ғана өзі оқыған немесе естіген жазба мейлі мақаласына өз пікірін қалдырады. Ол дегеніміз интернетте оқыған, көрген ақпаратқа бек бір пайыз қолданушылар ғана активті турде араласып өз ойын қосады. Қалған 99 пайызы тек оқу және көрумен шектеледі.
Бұл ережені 2006 жылы Бен МакКоннел және Джеки Хуба атты блогерлер осындай тұжырымды берген болатын. Бірақ оның алдын 2005 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне қарайтын болсақ тек 100 % Форум сайтқа кірген қолданушының 87 % ешқандай ой, пікір жазба қалдырмай тек оқып ғана кететіні байқалған. Ал қалған 13% -ы 1 пікір қалдырса, 5 %-ы 50 шақты пікір қалдырса тек қалған 1 пайызы белсенді болып пікір қалдырады екен.
Осының нәтижесінде 1 пайыз қолданушылар ғана контентті жасайды екен. Контент - деп тұрғанымыз бұл қолданушылар жасайтын түрлі ақпарат көзі. Ол сурет, мәтін, видео, аудио түрінде болуы мүмкін.
Осы орайда мен өзімнің тәжрибеммен бөліспек едім.
Қазіргі кездегі web 2.0 негізіне баса назар аударыңыз. Яғни web 1.0 кезінде сайттар статикалық еді. Тек ақпаратты оқып оған ой пікір қалдыру мүмкіндігі болмаған. Ол кездегі сайттардың басым бөлігі html мен css негізінде жасалынған. Сосын web 2.0 келді. Бұл кезеңде интернет қарыштап дамыды. Қолданушылар тең ақпаратты оқып ғана шектелмей оған пікір қалдыру, өз ойын айту жағдайы жасалынды.
Аудиторияға қызықты жазбаларды жазыңыз. Мейлінше қолданушылардың тіркелу, кіру оңайлығын қалыптастырыңыз. Тіпті қолданушылардың өздері ақпаратты салып, өңдей алу мүмкіншілігі қолданушылардың өзін еркін сезініп сайтты өзінше басқаруы сайттың дамуына алып келеді. Осы әдісті пайдаланып LiveJournal, WordPress сайттары тез қарқынмен дамып кетті. Одан бөлек сайтта ақпарат алмасу, өзінің жазбасын достарына көрсету де басқы қағидалардың біріне жатады. Туиттер, Мой Мир әлеуметітк желісі осыған мысал бола алады.
СЖ алынды