Мен психолог емеспін, психология саласында білерім де көп емес. Бірақ, айтарым да жоқ емес.
Әр адамның өз өмірі өз қолында деп жатады. Әсіресе, отбасын асыраушы, жары мен балаларының, жақындарының қорғаны болатын ер азамат үшін, жеке дара өзіндік тұлғасын қалыптастыру маңызды қадам. адам өмірінің мәні, оның психологиялық жағдайына тікелей байланысты деген ойдамын. Әрине, айналасындағы маңызды адамдардың ақылын тыңдау, айтқанын есепке алу деген ұғымдарды ескеру керек, бірақ шешімді адам тек өзі қабылдауы керек. Есесіне, өз ісінен сабақ алу арқылы ешкімге ренжімейді, өте тәтті сезім арі санаға мықтап бекінеді.
Жақсы психологиялық дайындық нәтижесінде, спортта, бизнесте, білім-ғылымда, достар арасында, отбасында, қоғамда т.с.с. ортада, қиын немесе жақсы кезде өзін ұстау шеберлігі арқылы жетістікке жету ықтималдығы жоғары. Бұның негізгі кілті - өзін өзі қолға алу, өз өзіне контроль жасау, есеп беру және анализ жасау әрекеттері кіреді.
Жоғарыда жазылған бірқатар тапсырманы жүйелі түрде орындап, нәтиже шығара алған адам, өмірін мәнді өткізеді деген ойдамын.
ПыСы: Бақытты өмір деген жоқ, себебі адам көзі тойымсыз. Шамадан асса, ысырап болып, таяқ болып тиеді. Бірақ, адам белгілі бір жетістікті бағындырып, өзін бағындыра алса, айналасын да бағындыра алады. Нәтижесінде, көңілі жайдары өмір сүреді деген ойдамын.