0 дауыс
1.3k көрілді
Адамның қойған қолынан, адам психологиясын анықтау мүмкін бе? Мысалы, кейбір адамдар шимайлап, біреуі әшейін, біреуі әдемі қояды.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қолтаңба арқылы мiнездi анықтау

» 1. Қолтаңбаның үлкендігі
А) кең құлаштылық – ауқымды мәселелерді ғана ойлап, оларды талдағанды жақсы көреді
Ә) шағын – деректі ұғымдардың аясында ғана ойлайды.
» 2. Қолтаңбасының ұзақтығы
А) барынша созылыңқы – мәселелерді тереңінен ойлайды. Жақын немесе бейтаныс адамдардың ісіне рұқсатсыз араласқанды жақсы көреді:
Ә) қысқа – мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді.
» 3. Қолтаңбасының түрі
А) дөңгелек – жұмсақ, мінезі жібектей, аса мейірімді, салмақты;
Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір – шыдамсыздық, қатаңдық, тәуелсіздік, қыңырлық.
» 4. Әріптерінің ара-қашықтығы
А) әріптер бір-бірінен алыс орналасса, ысырапшыл, бірақ қолда барын өзгеден аямайды;
Ә) әріптері бір-біріне тығыз орналасса – үнемшіл, сараң (әсіресе, әріптер кішкене болса).
» 5. Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтер
А) дөңгелек – идеялар мен шешілмеген мәселелердің аясында қалып қою;
Ә) ирек сызықтар – қыңырлық пен байқағыштық;
Б) суреттер – шығармашылық қабілет.
» 6. Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы
А) сол жаққа еңкейіңкі – өз-өзін өзгелерге таныта білетін және қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін адам;
Ә) оң жаққа еңкейіңкі – барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы;
Б) әріптер тік орналасса – ұстамдылық, ақыл, қайтпас қайсарлық;
В) Қолтаңбаны әр кез әр түрлі бағытта қоятындар – тұрақсыздық пен зымияндық;
Г) жатыңқы орналасқан әріптер – маңызды психологиялық ауытқуларды білдіреді.
» 7. Қолтаңбаның бағыты
А) жоғары – оптимизм;
Ә) төмен – пессимизм;
Б) біркелкі – тұрақты мінез.
» 8. Соңғы таңбаның ұзақтығы
А) соңғы таңбаның қысқалығы талғамсыздықты көрсетсе, керісінше ұзарта түсетін адамдар байқампаз, жан-жағын үнемі бақылап жүретін жандар.
» 9. Қолтаңбаның астын сызу
А) төменгі бөлігін – кекшілдік, өзін-өзі жақсы көру, өзгелердің пікіріне тәуелділік;
Ә) жоғарғы бөлігі – мақтаншақтық, атақ-абыройды сүю.
Б) қолтаңбаның өзін сызу – өз-өзіне көңілі толмаушылық.
» 10. Симметрия
А) симметриялы – адалдық;
Б) симметрияға мән бермеу – тұрақсыздық,
» 11. Күрделілігі мен қарапайымдылығы
А) қарапайым – бұл адам «менде қиыншылықтар жоқ» ұстанымымен өмір сүреді;
Ә) күрделі – түймедейді түйедей етуге құмар жандар;
Б) ерекше – шығармашылық белсенділігі зор.
» 12. Түсініктілігі
A). Қолтаңбасы түсініктірек болған сайын, ол адамның мінезі ашық жарқын келеді.
» 13. Қаламды ұстауы
А) тым қатты ұстап жазатындар – ашуланшақ;
Ә) солғын – құпиялылық;
Б) қатты батырып жазу – өзіне деген сенімділік.
Ал Сіздің қолтаңбаңыз қандай?
+2 дауыс
Мүмкін, психологиялық түрғыда. Барлық психологиялық теориялар сияқты 100пайыз емес. Мына сілтемемен өтіп өз қолыңызды тексеріп көріңіз. http://www.liveinternet.ru/community/2947985/post102752744/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 2.11.2020 Табиғат сұрақ қойды
...