+3 дауыс
558 көрілді

Қазір жан түршігерлік қылмыстар қаптап кетті ғой. Адам болса осындай айуандыққа бара ала ма деп жағаңды ұстайсың. Сондай қылмыскерлер неге қылмыс жасағандары туралы не айтады?  Қылмыстың себебін қалай түсіндіреді? Қылмыс жасаған кезде өзін қалай сезінеді? Не ойлайды? Мысалдар бар ма? Немесе психологтардың айтқаны бар ма осы туралы?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Айтайн деп отқаным құрттай баланың тілегіндей көрінетін шығар, бірақ шын ойымды айтсам, кінə қылмыскерлерде емес. Құдай бірақ рет берген өміріңнің 20 жылын не өмір бойы түрмеде өткізесің деп жатад сот. Басқа жағынан қарасаң бұл ол адамға жасалған қиянат сияқты. Неге өз қатарластары-басқа адамдар сияқты күліп ойнап жүрудің орнына, 20 жылды əрқайсында 365 күн/түннен бар тап тар кір кір жерде 4қабырғаның ішінде жабайы аң сияқты қамалыып отыру керек. Өзінен көрсін дейтін шығар мүмкін, сонда да бұлардың да басқа адамдар сияқты балалық шағы болды, еш кіршіксіз, періштедей пəк, ешқандай арам ойы жоқ, осы кезде өз армандары болды есейгенде орындайтын. Барлық адамдардың да бала жүрегінде жақсылықтың тым құрығанда ұшқыны болад. Кінə адамдарға берілген тəрбиенің теңсіздігінде. Оларға дұрыс жол кезінде көрсетілмегендіктен. Ата анасы да біршама кінəлі бір кездегі кішкентай баласының қазір үстіп жүргеніне, өз махаббаттарын бермегені, немқұрайлы қарағаны. Барлығын айтпайм əрине. Ал өлім жазасына кесуге ешкімнің құқығы жоқ тек Құдай өзі білед өз пендесінің жанын қашан алатынын
Қандай жақсы жауап!! "Қылмысты жек көрсең де, қылмыскерді жек көрме" деген Гандидің сөзімен үндес екен... Рахмет!
+3 дауыс

Қылмыстың детерминанттары көп қой, олардың кез келгенін қылмысқа желеу етеді. Жиі кездесетіндеріне мысал: материалдық жағдайдың төмендігі, отбасылық жағдай, медициналық емнің қымбаттығы, т.с.с. Сондықтан қылмыстың себебін түсіндіру оңай.

Қылмыс жасаған кездегі ойы адамның өзіне байланысты. Кешірілмейтінін, қате іс екенін біле тұрып, өкініштен жасайтындары болады (оларды "милосердные преступники" деп атайды екен), немесе қан көрсе құтыратындары болады. 

Қылмыстық істің психологиясы жайлы орысша зерттеуде бәрін егжей-тегжейлі жазыпты, егер шынымен қызықтырса оқығаныңды жөн көрер едім.

...