+4 дауыс
314 көрілді
Қазақ сайттарының көркемделуіне сын айтушылар көп. Бірақ, бірнеше сайт құрушыларға осы мәселені айтып едім, ол кісілер, сайт дизайны сайттың жылдам ашылуына кедергі болатынын көлденең тартты. Сонда кім кінәлі? Оның үстіне елдегі интернет жылдамдығы да көңіл көншітерлік емес.

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Интернет жылдамдығы Қазақстанда жаман емес, мегалайнға қосылғандар сайттың ашылуында қиыншылықтар болмауы тиіс. 

1. Негізі сайттың ашылуына сайттың дизайыны емес, сайт дизайнында қолданған сурет және құжаттардың көлеміне байланысты. Егер сіздің сайтыңызда көп сурет, флеш баннерлер, стайл арқылы шақырылған біраз суреттер сайттың жай жүктелуіне әсер етеді. 

2. Сіздің сайтыңыздың коды. Кодының қалай жазылғанында. Сіз сайтты ашып жатқанда код жұмыс жасайды. PHP MYSQL деректер қорынан мәліметті жылдам алғандығында. Мәселе сонда. Мысалы. Запарож бен БМВ екеуі де автоколік. Бірақ екеуінің маторы екі басқа. Егер запорожге БМВ моторын салып істесе Запорож де қатты жүретін еді. Сол сияқты сайт кодының алгоритмінің дұрыс жазылуында. "Ең бастысы сайттың коды Индусский код болмаса" болды.  

3. Интернет жылдамдығы да өзіндік рөл атқарады.

Қазіргі кезде интернетте сайт дизайны қарапайымдылыққа бет бұрып барады. Ақ түсті фон, қара қаріптер. Артық артына фон ретінде үлкен суреттерді қоюдың қажеті шамалы. Үлкен жобаларды қараңыз, көбісі үш немесе төрт түспен сайтты істеп шығады. Қалғандары кішкене суреттер, Сайттың көркемділігін арттыру үшін.

...