Найман - Белгібай - Сүйініш - Төлегетай - Қытай - Қаракерей - Мейрам - Ерторы - Байсыйық - Жанғұлы - Қожан. Байсыйық бабамыздан 5 ұл туады: Меңлібай, Жанғұлы, Жаңбыршы, Қарамолда, Меңдеке (лақап аты Төбет). Осы 5 бабамыз етжеңді, кесек адамдар болыпты. Өрдегі үйсіннің бір дауына жұбын жазбай барған екен. Үйсіннің бір биі мына өңкей семіздерің кім дегенде, бұлар Наймандар деген дейді аңызда. Содан Байсыйық ұрпағы Семіз Найман атаныпты.
Найман Қаракерей ішінде бес Байыстың біреуі Байшігіт. Байжігіттен 3 ұл туады: Мәмбет, Тоғас, Жұмық.
Жұмықтан 6 ұл туады: Саты, Мәметек, Қошқарбай, Қайқы, Сайболат, Қожан. Найман ішінде осы екі Қожаннан басқа ру жоқ. Тегінде рубасы аталу атақты адамдарға бұйырған. Олар не көзсіз батыр болған, не айтулы би болған.