Менімше қызғаныш сезімін жоя алмайсың және жоюдың қажеті де жоқ деп ойлаймын.Бұл сезім жұрттың бәрінде бар,адамдарға тән сезім.Сүйген адамымызды қызғана алмасақ бұл өмірдің не қызығы бар,онда сезімсіз хайюанаттардан айырмамыз не?Ал қызғаныш сезімін қалыпты деңгейде ұстау,шектен асырмау бұл енді өте кажет нәрсе.Бірінші жігітіңе оған сенбегендіктен емес, өзін өлердей сүйетініңді сондықтан қызғанатыныңды түсіндір.Осыны істей алсаң жарты жұмыс бітті деген сөз,қалған жартысы саған байланысты болады. Сенің айтқаныңа түсінген жігіттің сені алдамайтынына көзің жеткен соң,сен де қызғаныш сезімін тежеңкіреп ұстауға ұмтыласың деп ойлаймаын.Жігітің де анау-мынау қызғанышыңды елемейтін,қайта оған мақтанатын болады, өзін шын сүйгенді кім жек көрсін.